Елорда жаңалықтары

Нұр-Сұлтанда қандай кәсіпорындар 20 сәуірден бастап жұмысын жалғастырады

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев 20 сәуірден бастап Нұр-Сұлтан мен Алматыда бірқатар экономика секторының жұмысы қалпына келетінін еске салды. Олардың нақты тізімі 15 сәуірде белгілі болады. Дегенмен министр сұрақтардың көп түсуіне байланысты жұмысын жалғастыруы мүмкін секторлар туралы жалпы мәлімет берді, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. «Біріншіден, аталған өзгеріс Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында бір уақытта енгізілгенімен, екі қалада жұмыс процесінде айырмашылық болуы мүмкін. Оның себебі осы қалалардың эпидемиологиялық жағдайының және экономикасының айырмашылығына байланысты. Сондықтан барлық ньюансты әкімдіктер тұрғындарға алдын ала хабарлап, түсіндіріп отырады. Екіншіден, карантин талаптарының өзгерісі бірден емес, кезең-кезеңмен жүзеге асырылады. Әр кезеңде Денсаулық сақтау министрлігінің қорытындысы есепке алынады. Қазір тек бірінші кезең туралы сөз болуда. Бұл кезеңде ауру жұғу қаупі ең аз деген кәсіпорындар іске қосылады. Бұндай кәсіпорындарға санитарлық нормаларды сақтау бойынша арнайы протоколдар дайындалады. Оның орындалуы тұрақты түрде тексеріледі. Егер кәсіпорын ол талаптарды бұзса, қатаң шектеу шараларын қолданамыз», - деді Абаев арнайы брифингте. Министр өз сөзінде елорда туралы толық ақпарат берді. Оның айтуынша, бүгін Нұр-Сұлтан қаласының әкімі 20 сәуірден бастап мына секторлардағы кәсіпорындардың жұмысын жалғастыруды ұсынды: бірінші - өнеркәсіптік және индустриялық кәсіпорындар, екінші - құрылыс саласындағы кәсіпорындар, үшінші - қыстан кейін жолдарды жөндейтін асфальт-бетон зауыттары, төртінші - зейнетақы мен жәрдемақы беру үшін екінші деңгейдегі банктер. Олар сағат 16.00-ге дейін қысқа жұмыс кестесімен жұмыс істейді. Бесінші - жеке қосалқы қызмет көрсету секторының кейбір ұйымдары. Мысалы, химиялық тазалау және кір жуу орындары; шиномонтаж, арнайы техникаларды жөндеу мен көлік жуу станциялары. «Алтыншы - қоғамдық тамақтану орнынан тамақ жеткізу мүмкіндігін кешкі сағат онға дейін ұзарту ұсынылды. Осылайша, барлық аталған кәсіпорындар бойынша 100 мыңға жуық адам жұмысын жалғастырады. Бұл Нұр-Сұлтан қаласында жұмыс істейтін халықтың шамамен 20%-і», - деді Дәурен Абаев.

-->