Елорда жаңалықтары

Астанада қазақ тілін үйренушілер үшін ашық есік күні өтті

Бүгін елордадағы Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығында «Қазақстан халықтарының тілдері күні» мерекесі аясында ашық сабақ өтті, деп хабарлады Elorda.info.

Іс-шараға Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының мамандары қатысып, смартфонға арналған түрлі қосымшалар арқылы қазақ тілін үйренудің жеңіл әрі тиімді әдістерін ұсынады.

«Қазақша үйрен» оқу орталығының жетекшілері Айгүл Дәден мен Ардақ Бөгежанқызы үйренушілерге логикалық тапсырмалар беріп, қазақ тілінен шеберлік сабағын өткізді. Сондай-ақ қазақ тілін өз бетінше тиімді меңгеру бойынша кеңестер мен ұсыныстар айтылды; тіл үйренуді жеңілдететін пайдалы қосымшаларға сілтемелер берілді; сондай-ақ тегін кітаптар таратылып, «Қазақша үйрен» оқу орталығынан қазақ тілі курстарына сертификаттар ойнатылды.

-->

Бүгінгі ашық есік күніне ересек тіл үйренушілер келді. Үлкендер – орталықтың тұрақты тіл үйренушілері. Олардың ішінде танымал азаматтар да бар. Орталыққа келушілердің әрқайсысының әртүрлі мақсаты бар. Біреуі жаңа жұмысқа орналасқысы келсе, біреуі балаларымен қазақ тілінде сөйлескісі келеді. «Қазақша үйрен» орталығы 2500 тіл үйренушіні оқытты, - деді Айгүл Дәден.