Елорда жаңалықтары

Елордада үш көліктің айнасын ұрлаған азамат ұсталды

Астанада бір түнде үш көліктің айнасын ұрлаған азамат ұсталды, деп хабарлады Elorda.info Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Қала тұрғыны полицияға хабарласып, белгісіз біреудің үй ауласында Renault Duster автокөлігінің бүйір айнасын ұрлап, 60 мың теңге материалдық шығын келтіргені туралы арызданған.

Астана қаласы Полиция департаменті Алматы аудандық Полиция басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында күдіктіні ұстады. Ол 37 жастағы қала тұрғыны болып шықты. Полицейлер қаскүнемнің сол түні елордада жасаған Toyota Estima және BMW Х5 көліктерінің айналарын ұрлаудың тағы екі фактісіне қатысы бар екенін анықтады. Ол ұрланған мүлікті сатуды көздеген.

Бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ұсталған азамат кінәсін мойындаған. Оның елорда аумағында жасалған басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр.

Астана қаласының Полиция департаменті автокөлік иелеріне көліктерін бейнебақылау камералары бақыланатын орындарға немесе күзетілетін тұрақтарға қоюға кеңес береді.

-->

Астана полицейлері ұрланған мүлікті сатып алушыларға қатысты қатаң шаралар қабылдауда. Автокөліктен жасалынатын ұрлықтың алдын алуға және оны ашуға ерекше назар аударылады, - дейді Астана қаласы Полиция департаменті бастығының орынбасары Қуаныш Орынбетов.