Елордада Корея делегациясы атом энергетикасы туралы тәжірибесімен бөлісіп жатыр
Кореялық делегацияның құрамында атом саласы көшбасшыларының өкілдері - Korea Hydro & Nuclear Power Co. Ltd. (KHNP), KEPCO E&C, Korea Nuclear Fuel (KNF), Корей Атом энергиясы ғылыми-зерттеу институты (KAERI), Doosan Enerbility бар.
Энергетика Вице-министрі Жандос Нұрмағанбетов делегацияны қарсы ала отырып, Кореяның атом саласы дамуының жоғары деңгейін атап өтті және жинақталған тәжірибемен бөлісуге дайындықтары үшін алғыс айтты.
KHNP Вице-президенті Dr.Young-Soo Kim Корей делегациясының атынан біздің елдеріміздің атом саласындағы тығыз ынтымақтастығы жемісті және өзара тиімді болатынына сенім білдірді.
Воркшоп барысында қазақстандық мамандар тарапынан БАӘ мен Кореяда атом электр стансаларын салу жобаларын іске асыру тәжірибесі зерделеніп, ынтымақтастықтың ықтимал схемалары қарастырылуда, кореялық АЭС-тердің қауіпсіздік жүйелері және олардың ел экономикасы мен қоршаған ортаға әсері талқылануда.
Делегация жұмысы 23 қыркүйекке дейін жалғасады. Сапар аясында кореялық делегация ҚР Энергетика министрлігі, «Самұрық-Қазына» АҚ және «Қазатомөнеркәсіп «ҰАК» АҚ өкілдерімен кездесулерге қатысады.
Бұған дейін хабарланғандай, қазіргі уақытта Қазақстан жетекші әлемдік компаниялардың ел аумағында алғашқы атом электр стансаларын салу жөніндегі ұсыныстарын зерделеуде. «Самұрық-Қазына» қорының еншілес компаниясы – «Қазақстандық Атом электр стансалары» ЖШС озық технологияларды бірлесіп талдайды және жобаны іске асырудың түрлі нұсқаларын қарайды.
Қазіргі уақытта шорт-параққа жоғары қуатты реакторларының дәлелденген технологиялары бар төрт жеткізуші кіреді. Олардың арасында кореялық KHNP, қытайлық CNNC, ресейлік Росатом және француздық EDF бар.
-->