Елорда жаңалықтары

Елордада бір күнде 9 мас жүргізуші ұсталды

Патрульдік полиция қызметкерлері мас күйінде рөлге отырған жүргізушілерді анықтау мақсатында рейд жүргізді. Бір тәуліктің ішінде әртүрлі дәрежедегі мас күйінде рөлге отырған 9 жүргізуші ұсталды, деп хабарлады Elorda.info.

Осы құқық бұзушылық үшін баптың санкциясы он бес тәулікке әкімшілік қамаққа алуға және жеті жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыруға әкеп соғады. 

Полицейлер автокөлік иелеріне жол ережесін сақтауды және алкогольдік немесе есірткілік мас күйінде көлік жүргізбеуді ескертеді.

-->

К.Байсейітова көшесінің бойында «Део Нексиа» автокөлігі тоқтатылды. 36 жастағы жүргізуші полиция қызметкерлерінің талабы бойынша бірден тоқтамай, көлік қозғалысын жалғастыра берген.
Медициналық куәландыруға барғаннан кейін алкогольді ішімдік ішкені анықталды. Жүргізушіге қатысты мас күйінде көлік құралын жүргізгені үшін ҚР ӘҚБК 608-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалды. Автокөлік коммуналдық тұраққа қойылды, – делінген Полиция департаментінің хабарламасында. 