Елорда жаңалықтары

Астанада үш күнде жол ережесін бұзған 267 факті анықталды

Астана аумағында жолаушылар тасымалдаушылары арасында құқық бұзушылықтың алдын алу және жолдағы апаттылықты азайту мақсатында 16 қыркүйектен бастап «Автобус» жедел алдын алу іс-шарасы өтіп жатыр, деп хабарлады Elorda.info.

Аталған жедел алдын алу іс-шараларының үш күндік қорытындысы бойынша жолаушылар тасымалдаушылары жасаған 267 құқық бұзушылық анықталды.

Оның ішінде шығарындыларда ластаушы заттардың болуы нормаларынан асып кетудің 17 фактісі, жолаушыларды, багажды және жүктерді тасымалдау қағидаларын бұзудың 23 фактісі анықталды.

Техникалық регламенттердің талаптарына сай келмейтін және ақаулары бар 40-тан астам көлік құралы, мемлекеттік немесе міндетті техникалық байқаудан өтпеген 24 автокөлік анықталды.

Полицейлер жүргізушілерге жол қозғалысы ережелерін мүлтіксіз сақтауды, мектептер мен балабақшаларға жақын жерлерде, реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелдерінен, қоғамдық көлік аялдамаларынан өту кезінде өте мұқият болуды ескертеді.

-->

Жедел алдын алу іс-шарасы басталғаннан бері такси жүргізушілерімен жолаушыларды заңсыз тасымалдаудың 10 фактісі анықталды. Көбінесе жолаушыларды заңсыз тасымалдаумен жақын шетел азаматтары айналысады. Жолаушыларды тасымалдау «Uber» және «YandexGo» мобильдік қосымшалары арқылы жүзеге асырылады. Жүргізушілерге қатысты тиісті тіркеу құжаттарынсыз тасымалдауды жүзеге асырғаны үшін ҚР ӘҚБтК 463-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды, автокөліктер коммуналдық тұраққа қойылды, – делінген Полиция департаментінің хабарламасында.