Елорда жаңалықтары

42 500 теңгені рәсімдеу кезінде қанша адамның заң бұзушылыққа барғаны анықталды

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов 42 500 теңге төлемді рәсімдеу кезіндегі заң бұзушылықтар туралы айтты, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. «Екінші жұмыста істеп, тұрақты жалақы алып жүрген, оның ішінде мемлекеттік қызметте де жүрген азаматтар өтініш беріп жатқаны бар. Бұған қоса, зейнетақы, жәрдемақы алып жүргендер, төтенше жағдайға дейін жұмыс істемегендер, табыстарын жоғалтпай, қайта табыстары артып жатқан кісілер де бар. Осындай жағдайды да біз тексеріп, айқындап жатырмыз. 500 мыңнан астам адам осындай өтініш берді. Одан кейін «біз ресми мекемеде жұмыс істедік, жеке кәсіпкерлікпен айныластық, салық, бірыңғай жиынтық төлем төледік» деп, өтініш бергендер бар. Бірақ тексеріс кезінде олардан соңғы 12 айда бірде бір төлем түспеген екен. Миллионнан астам адам осындай өтініш берген. Және де, өкінішке қарай, қайтыс болған адамдардың атынан, шетелде тұратын, Қазақстан азаматтығынан айырылғандардың атынан да беріліп жатқан өтініштер бар. 378 адам үшін осындай өтініштер берілді. Сондықтан осының бәрін біз тексеруге мәжбүрміз. Заң бұзушылықтарды анықтау үшін біз 4 миллион 900 мың өтініштің бәрін ақпарат жүйелері арқылы тексеріп шығуымыз керек. Соған уақыт кетіп жатыр», - деді Нұрымбетов Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте.

-->