Біржан Нұрымбетов халықтан кешірім сұрады
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов 42 500 теңге әлеуметтік көмек алуға байланысты ОКҚ-да өтіп жатқан брифинг барысында халықтан кешірім сұрады, деп хабарлайды Елорда Инфо. «Мен сіздердің алдарыңызда министр ретінде тағы да кешірім сұраймын. Біз осы күндері біраз үлгермедік. Оның себебі бар. Біріншіден, біз өзімізге 3 күнді белгіледік. Негізінде одан да көп күн қажет болатын. Алайда біз жылдамдату үшін күнді азайттық. Жалпы, 42 500 теңге мемлекеттік бюджеттен емес, сақтандыру қорынан төленеді. Ақшаны кімге беру керектігін де тағайындайтын қор. Ол – бөлек мекеме. Ал төлемді аударумен «Азаматтарға арналған электронды үкімет» айналысады. Өтінішті қабылдау, оны тексеру біздің министрліктің құзырында. Бұл жұмыстарды осы 3 мекеме жүргізіп отыр. Басқаша болуы мүмкін емес. Осы мәселені түбегейлі түсініп алуларыңызды өтінемін», – деді министр.
-->ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов 42 500 теңге әлеуметтік көмек алуға байланысты ОКҚ-да өтіп жатқан брифинг барысында халықтан кешірім сұрады, деп хабарлайды Елорда Инфо. «Мен сіздердің алдарыңызда министр ретінде тағы да кешірім сұраймын. Біз осы күндері біраз үлгермедік. Оның себебі бар. Біріншіден, біз өзімізге 3 күнді белгіледік. Негізінде одан да көп күн қажет болатын. Алайда біз жылдамдату үшін күнді азайттық. Жалпы, 42 500 теңге мемлекеттік бюджеттен емес, сақтандыру қорынан төленеді. Ақшаны кімге беру керектігін де тағайындайтын қор. Ол – бөлек мекеме. Ал төлемді аударумен «Азаматтарға арналған электронды үкімет» айналысады. Өтінішті қабылдау, оны тексеру біздің министрліктің құзырында. Бұл жұмыстарды осы 3 мекеме жүргізіп отыр. Басқаша болуы мүмкін емес. Осы мәселені түбегейлі түсініп алуларыңызды өтінемін», – деді министр.