Батуттағы гимнастикадан шілде айындағы әлем кубогі кезеңі өтпейтін болды
Батуттағы гимнастика Халықаралық гимнастика федерациясы коронавирусқа байланысты батутта секіруден Швейцарияда өтетін әлем кубогі кезеңін кейінге шегерді деп хабарлайды Елорда Инфо Olympic.kz. сайтына сілтеме жасап. 3-4 шілде күндері Швейцарияның Ароза қаласында өтуі тиіс турнир белгісіз уақытқа шегерілді. Биылғы маусымда батуттағы гимнастикадан әлем кубогінің бір ғана кезеңі өтті. Спортшылар 15-16 ақпан күндері Әзірбайжанның Баку қаласында бақ сынаған болатын. 27-28 маусым күндері Португалияда өтуі тиіс кубоктік кезең туралы әзірге нақты мәлімет жоқ. Халықаралық гимнастика федерациясы өзге де спорттық ұйымдар секілді тамыз айына дейін ірі турнирлерді тоқтатуды жөн санап отыр.
-->Батуттағы гимнастика Халықаралық гимнастика федерациясы коронавирусқа байланысты батутта секіруден Швейцарияда өтетін әлем кубогі кезеңін кейінге шегерді деп хабарлайды Елорда Инфо Olympic.kz. сайтына сілтеме жасап. 3-4 шілде күндері Швейцарияның Ароза қаласында өтуі тиіс турнир белгісіз уақытқа шегерілді. Биылғы маусымда батуттағы гимнастикадан әлем кубогінің бір ғана кезеңі өтті. Спортшылар 15-16 ақпан күндері Әзірбайжанның Баку қаласында бақ сынаған болатын. 27-28 маусым күндері Португалияда өтуі тиіс кубоктік кезең туралы әзірге нақты мәлімет жоқ. Халықаралық гимнастика федерациясы өзге де спорттық ұйымдар секілді тамыз айына дейін ірі турнирлерді тоқтатуды жөн санап отыр.