Елордада 20 мыңнан астам тонна көмір қоры бар
Нұр-Сұлтанда қазіргі кезде көмір сату бойынша 14 орын бар. Онда өз қызметін 8 компания жүзеге асырады. Бұл туралы бүгін «Елордадағы жылыту маусымына дайындық» тақырыбында өткен брифингте Нұр-Сұлтан қаласының Отын-энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасы бастығының орынбасары Бағдат Байсадықов айтты, деп хабарлады Elorda.info.
Бағдат Байсадықоыв атап өткендей, тұрғындар көмірді қазан, қараша және желтоқсан айларында жаппай сатып ала бастайды.
Айта кетейік, бүгінде көмір сатуды жүзеге асыратын 8 компаниямен бағаны көтермеу туралы меморандумға қол қойылды.
-->Нұр-Сұлтанда қазіргі кезде көмір сату бойынша 14 орын бар. Онда өз қызметін 8 компания жүзеге асырады. Бұл туралы бүгін «Елордадағы жылыту маусымына дайындық» тақырыбында өткен брифингте Нұр-Сұлтан қаласының Отын-энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасы бастығының орынбасары Бағдат Байсадықов айтты, деп хабарлады Elorda.info.
Бүгінгі таңда халық үшін 20 802 тонна көлемінде көмір қоры бар. Оның ішінде негізгілері: Шұбаркөл – 2 656 тонна (тоннасына 13 800 тг); Қаражыра – 10 623 тонна (тоннасына 14 500 тг); Майкүбі – 7 523 тонна (тоннасына 12 700 тг), - деді ол.
Бағдат Байсадықоыв атап өткендей, тұрғындар көмірді қазан, қараша және желтоқсан айларында жаппай сатып ала бастайды.
Елордада жылу беру маусымы бес тәулік ішінде сыртқы ауаның орташа тәуліктік температурасы +10 °С және одан төмен болған кезде басталады, - деді басқарма басшысының орынбасары.
Айта кетейік, бүгінде көмір сатуды жүзеге асыратын 8 компаниямен бағаны көтермеу туралы меморандумға қол қойылды.