Елорда жаңалықтары

Елордада 15,5 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталды

Қала аумағында құқық бұзушылықтардың алдын алу және ескерту мақсатында «Учаске» жедел алдын алу іс-шарасы өткізілді, деп хабарлады Elorda.info

Учаскелік полиция инспекторлары өздерінің қызмет көрсететін учаскесінің криминогендік жағдайын зерделеу мақсатында аулаларды және пәтерлерді аралап, ішкі істер органдарының есебінде тұрған адамдарды және атыс қаруының иелерін тексерді, олармен профилактикалық әңгімелер жүргізілді.

Жедел алдын алу іс-шарасы кезінде учаскелік инспекторлар ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 1 936 азаматты, 2 200-ге жуық тәртіп бұзушыны жауапқа тартып, қоғамдық орындарда спирттік ішімдіктерді ішудің 3 300-ден астам фактісін анықтаған. 282 ата-ана мен заңды өкілге қатысты кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта үйден тыс жерде болғаны үшін іс қозғалды.   

Жалпы, жедел алдын алу іс-шарасы басталғаннан бері 15,5 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.

-->

Жедел алдын алу іс-шарасы барысында 19 527 тексеру жұмыстары жүргізілді, оның ішінде 12 735 пәтер, 3 725 саяжай үйі және 1 053 қараусыз қалған үй. Сонымен қатар, 7 983 есепке алынған тұлға және 11 591 қару иесі тексерілді. Күн сайын учаскелік полиция инспекторлары жалпы үй чаттарында профилактикалық ақпараттар орналастырылып, қала тұрғындарының құқықтық тәртіпті бұзу туралы проблемалық мәселелері қаралды, – делінген Полиция департаментінің хабарламасында. 