Коронавирус инфекциясын жұқтырған қытайлық дәрігерлер оны қалай жеңіп шықты
Орталық коммуникациялық қызмет алаңында өтіп жатқан онлайн брифингте Қытай Синьцзян Автономиялық Республикасы халық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Лу Чэнь ҚХР-дағы коронавирус инфекциясын жұқтырған медициналық мамандардың оны қалай жеңіп шыққаны туралы өз тәжірибелерімен бөлісті, деп хабарлайды Елорда Инфо. «3 387 медицина маманы коронавирус инфекциясын жұқтырды. Оның 90 пайызы Ухань қаласының мамандары. Олар эпидемияның енді басталып жатқан кезінде ауырды. Содан медицина мамандарының біліктілігін арттыратын дәрістер өткізіп, профилактикалық шараларды күшейтіп, түрлі материалдық құрал-жабдықпен қамтамасыз еткеннен кейін дәрігерлер арасында бұл ауруды жұқтырғандар саны азайды. Бұл шаралар жақсы нәтиже берді», – деді ол. Өз кезегінде ҚР ДСМ қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің директоры Магрипа Ембергенова қазақстандық 120 медицина маманының коронавирус инфекциясын жұқтырғанын айтып өтті. Ал Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова Қытай Халық Республикасынан келген делегаттардың тәжірибелері мол білікті дәрігерлер екенін тілге тиек етті.
-->Орталық коммуникациялық қызмет алаңында өтіп жатқан онлайн брифингте Қытай Синьцзян Автономиялық Республикасы халық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Лу Чэнь ҚХР-дағы коронавирус инфекциясын жұқтырған медициналық мамандардың оны қалай жеңіп шыққаны туралы өз тәжірибелерімен бөлісті, деп хабарлайды Елорда Инфо. «3 387 медицина маманы коронавирус инфекциясын жұқтырды. Оның 90 пайызы Ухань қаласының мамандары. Олар эпидемияның енді басталып жатқан кезінде ауырды. Содан медицина мамандарының біліктілігін арттыратын дәрістер өткізіп, профилактикалық шараларды күшейтіп, түрлі материалдық құрал-жабдықпен қамтамасыз еткеннен кейін дәрігерлер арасында бұл ауруды жұқтырғандар саны азайды. Бұл шаралар жақсы нәтиже берді», – деді ол. Өз кезегінде ҚР ДСМ қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің директоры Магрипа Ембергенова қазақстандық 120 медицина маманының коронавирус инфекциясын жұқтырғанын айтып өтті. Ал Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова Қытай Халық Республикасынан келген делегаттардың тәжірибелері мол білікті дәрігерлер екенін тілге тиек етті.