Елорда жаңалықтары

Коронавируспен күрес: Қытайдан келген арнайы делегация құрамына кімдер кіреді

ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің директоры Мағрипа Ембергенова Қытайдан келген арнайы делегация құрамына кімдер кіретінін айтты, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. «Елімізге Қытай Халық Республикасынан арнайы делегация келді. Делегация құрамына инфекционист, пульмонолог, эпидемиолог мамандар, қоғамдық денсаулық саласының дәрігерлері мен медбике кіреді. Шамамен 15 күнді құрайтын осы сапар аясында Денсаулық сақтау министрлігі басшылығымен, Нұр-Сұлтан, Алматы және Қарағанды қалаларының медициналық ұйымдарымен кездесулер өтеді. Бұған қоса, коронавирус тақырыбында бірқатар бейнеконференция мен консультация ұйымдастырылады», - деді Мағрипа Ембергенова Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте.

-->