Былтыр сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында жүзден аса жоба іске асты
Былтыр елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында 102 жоба жүзеге асты, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. «2019 жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында 102 жоба іске асырылды. Олардың көбі семинар, дөңгелек үстел, кездесу және тағы басқа форматта өтті. Сонымен қатар, үш аймақта, атап айтсақ Атырау, Алматы және Қостанай облыстарында «Адалдық алаңы» жобалау кеңселерінің жұмысы ұйымдастырылды», - деп хабарлайды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі. Бұған қоса, Дүниежүзілік банктің жыл сайынғы «Сыбайлас жемқорлыққа бақылау жасау» рейтингіне сәйкес, 2019 жылы Қазақстан көрсеткіштері 36%-ды құрап, 2018 жылдағы 19%-дан екі есе жақсарды.
-->Былтыр елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында 102 жоба жүзеге асты, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. «2019 жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында 102 жоба іске асырылды. Олардың көбі семинар, дөңгелек үстел, кездесу және тағы басқа форматта өтті. Сонымен қатар, үш аймақта, атап айтсақ Атырау, Алматы және Қостанай облыстарында «Адалдық алаңы» жобалау кеңселерінің жұмысы ұйымдастырылды», - деп хабарлайды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі. Бұған қоса, Дүниежүзілік банктің жыл сайынғы «Сыбайлас жемқорлыққа бақылау жасау» рейтингіне сәйкес, 2019 жылы Қазақстан көрсеткіштері 36%-ды құрап, 2018 жылдағы 19%-дан екі есе жақсарды.