Аумақтық әскерлер жасағына 473 запастағы сардар мен сарбаз жұмылдырылды
ҚР ҚК Бас штабы бастығының орынбасары Серік Боранбаев қазіргі төтенше жағдайға қарамастан мемлекет алдындағы міндеттерін орындап, сапқа тұрғаны үшін запастағы әскерилерге алғысын білдірді, деп хабарлайды Елорда Инфо. «Күшейтілген карантин режимі кезінде қысқа уақыт ішінде өңірлердегі Қорғаныс істері жөніндегі департаменттердің көмегімен 473 әскери жұмылдырылды. Оның 71-і – офицерлер, қалған 402-сі – запастағы сержанттар мен сарбаздар. Олардың басым көпшілігі – өз еркімен барғандар. Қорғаныс министрлігі мен Қарулы күштердің Бас штабы әскери полицияның көмегімен шақыртылған запастағы әскерилердің гигиеналық және санитарлық тазалықты ұстануын қатаң қадағалайды. 4 сәуірден бері тұрғындарға запастағы әскерилерді шақырту жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізу бойынша облыстардағы Қорғаныс істері жөніндегі департаменттердің көмегімен 18 саll-орталық ашылды. Онда күн сайын мыңдаған қоңырау түседі», – деді ол. Оның айтуынша, Аумақтық әскерлер жасағын тамақпен және қажетті қорғаныш киімдеріен, құрал-жабдықтармен жергілікті әкімдіктер қамтамасыз етеді. Сөз соңында ҚР ҚК Бас штабы бастығының орынбасары Серік Боранбаев қазіргі төтенше жағдайға қарамастан мемлекет алдындағы міндеттерін орындап, сапқа тұрғаны үшін запастағы әскерилерге алғысын білдірді.
-->ҚР ҚК Бас штабы бастығының орынбасары Серік Боранбаев қазіргі төтенше жағдайға қарамастан мемлекет алдындағы міндеттерін орындап, сапқа тұрғаны үшін запастағы әскерилерге алғысын білдірді, деп хабарлайды Елорда Инфо. «Күшейтілген карантин режимі кезінде қысқа уақыт ішінде өңірлердегі Қорғаныс істері жөніндегі департаменттердің көмегімен 473 әскери жұмылдырылды. Оның 71-і – офицерлер, қалған 402-сі – запастағы сержанттар мен сарбаздар. Олардың басым көпшілігі – өз еркімен барғандар. Қорғаныс министрлігі мен Қарулы күштердің Бас штабы әскери полицияның көмегімен шақыртылған запастағы әскерилердің гигиеналық және санитарлық тазалықты ұстануын қатаң қадағалайды. 4 сәуірден бері тұрғындарға запастағы әскерилерді шақырту жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізу бойынша облыстардағы Қорғаныс істері жөніндегі департаменттердің көмегімен 18 саll-орталық ашылды. Онда күн сайын мыңдаған қоңырау түседі», – деді ол. Оның айтуынша, Аумақтық әскерлер жасағын тамақпен және қажетті қорғаныш киімдеріен, құрал-жабдықтармен жергілікті әкімдіктер қамтамасыз етеді. Сөз соңында ҚР ҚК Бас штабы бастығының орынбасары Серік Боранбаев қазіргі төтенше жағдайға қарамастан мемлекет алдындағы міндеттерін орындап, сапқа тұрғаны үшін запастағы әскерилерге алғысын білдірді.