Запастағы әскерилер Президенттің Жарлығына оңды көзқарас танытты – Серік Боранбаев
ҚР ҚК Бас штабы бастығының орынбасары Серік Боранбаев ОКҚ-да өткен брифингте ҚР Қарулы Күштерінің аумақтық әскерлерін жасақтау үшін әскери міндеттілерді арнайы жиындарға шақыру жөнінде мәлімдеді, деп хабарлайды Елорда Инфо. «Запастағы сардарлар мен сарбаздар Президенттің Жарлығына оңды көзқарас танытты. Тек әскери міндеттілер ғана емес, жалпы ел тұрғындары бұл шешімді дұрыс қабылдады. Жарлық шыққан күннің ертесінде әр өңірдегі Қорғаныс істері жөніндегі департаментке өз еріктерімен барған отансүйгіштер аз болмады. Қарулы күштердің бас штабы және өңірлердегі Қорғаныс істері жөніндегі департаменттер мен әкімдіктер бірлесіп, бұл жұмысты ұйымдастыру, түсіндіру шараларын жүргізді. Айта кету керек, жалпы әскери міндеттілерді жинау әр 2 жыл сайын жүргізіліп отырады. Сондықтан бұл тұрғыда барлық әкімнің запастағы әскерилермен жұмыс істеу тәжірибесі бар. Дегенмен елімізде төтенше жағдай алғаш рет жарияланып отырғандықтан, әскерилердің іс-қимыл, әрекеттерінің нақты қандай бағытта болуы керектігі жөнінде шешімдер қабылдануы үшін Мемлекет басшысының Жарлығын күттік», – деді Серік Боранбаев. Оның айтуынша, қазір әскери міндеттілерді шақырту жұмысы барлық өңірде бірдей жүргізіліп жатқан жоқ. «Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында және Алматы, Қызылорда, Павлодар, Ақмола облыстарында запастағы әскерилер жасағы құрылды. Атырау мен Ақтөбе облыстарында запастағы әскерилерді шақырту жұмыстары әлі де жалғасуда. 13 сәуірде Шымкент қаласы мен Қарағанды облысында, 14 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысында, 15 сәуірде Жамбыл облысында, 17 сәуірде Түркістан облысында жасақ құрылады деп жоспарланып отыр. Батыс Қазақстан, Қостанай, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан олыстарында запастағы сардарлар мен сарбаздарды шақырту мәселесі әлі де қарастырылып жатыр», – деді ол.
-->ҚР ҚК Бас штабы бастығының орынбасары Серік Боранбаев ОКҚ-да өткен брифингте ҚР Қарулы Күштерінің аумақтық әскерлерін жасақтау үшін әскери міндеттілерді арнайы жиындарға шақыру жөнінде мәлімдеді, деп хабарлайды Елорда Инфо. «Запастағы сардарлар мен сарбаздар Президенттің Жарлығына оңды көзқарас танытты. Тек әскери міндеттілер ғана емес, жалпы ел тұрғындары бұл шешімді дұрыс қабылдады. Жарлық шыққан күннің ертесінде әр өңірдегі Қорғаныс істері жөніндегі департаментке өз еріктерімен барған отансүйгіштер аз болмады. Қарулы күштердің бас штабы және өңірлердегі Қорғаныс істері жөніндегі департаменттер мен әкімдіктер бірлесіп, бұл жұмысты ұйымдастыру, түсіндіру шараларын жүргізді. Айта кету керек, жалпы әскери міндеттілерді жинау әр 2 жыл сайын жүргізіліп отырады. Сондықтан бұл тұрғыда барлық әкімнің запастағы әскерилермен жұмыс істеу тәжірибесі бар. Дегенмен елімізде төтенше жағдай алғаш рет жарияланып отырғандықтан, әскерилердің іс-қимыл, әрекеттерінің нақты қандай бағытта болуы керектігі жөнінде шешімдер қабылдануы үшін Мемлекет басшысының Жарлығын күттік», – деді Серік Боранбаев. Оның айтуынша, қазір әскери міндеттілерді шақырту жұмысы барлық өңірде бірдей жүргізіліп жатқан жоқ. «Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында және Алматы, Қызылорда, Павлодар, Ақмола облыстарында запастағы әскерилер жасағы құрылды. Атырау мен Ақтөбе облыстарында запастағы әскерилерді шақырту жұмыстары әлі де жалғасуда. 13 сәуірде Шымкент қаласы мен Қарағанды облысында, 14 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысында, 15 сәуірде Жамбыл облысында, 17 сәуірде Түркістан облысында жасақ құрылады деп жоспарланып отыр. Батыс Қазақстан, Қостанай, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан олыстарында запастағы сардарлар мен сарбаздарды шақырту мәселесі әлі де қарастырылып жатыр», – деді ол.