Елордада «Толағай» отбасылық сайысы өтті
Сайысқа 30-ға жуық отбасы қатысты.
Жарыстың алғашқы кезеңі «Әкем, анам және мен» атты эстафета болды.
Одан кейін спорттық сайыс – «Көңілді стартта» жүгіру, секіру, доп лақтыру сынды кедергілерден сүрінбей өтіп, отбасы мүшелері өздерінің спортқа бейімділіктерін, шымырлық пен ептіліктің үлгісін көрсетті.
Мерекелік іс-шараның соңында жеңімпаз отбасыларға сертификат тапсырылды.
-->Сайысқа 30-ға жуық отбасы қатысты.
Бүгінгі іс-шараға аудандағы 28 балабақшадан отбасылар қатысуда. «Толағай» сайысы спортшы отбасының бағын жандырмақ. Бұл – Балалар жылы аясында өткізіліп жатқан отбасылық эстафета, - деді Ішкі саясат бөлімінің бас маманы Аида Меңдібаева.
Жарыстың алғашқы кезеңі «Әкем, анам және мен» атты эстафета болды.
Одан кейін спорттық сайыс – «Көңілді стартта» жүгіру, секіру, доп лақтыру сынды кедергілерден сүрінбей өтіп, отбасы мүшелері өздерінің спортқа бейімділіктерін, шымырлық пен ептіліктің үлгісін көрсетті.
Отбасы күнінде ата-аналар мен балалардың спорттық жарысы өтуде. Біз №93 «Айгөлек» балабақшасының атынан қатысып жатырмыз. Ернар баламыз эстафеталық жарыста қарсыластарынан алда келді. Бұйырса, жеңіске жетеміз деп ойлаймын, - дейді жарысқа қатысушы Манат Момынқұлова.
Мерекелік іс-шараның соңында жеңімпаз отбасыларға сертификат тапсырылды.