Карантин кезінде тәртіп сақшыларына қарсылық көрсеткендер қамауға алынды
Ел астанасында карантин режимі жарияланғалы бері тәртіп сақшыларына бағынбау оқиғалары тіркелді, деп хабарлайды Елорда Инфо Нұр-Сұлтан қалалық жол полициясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Төтенше жағдай режимі жарияланған уақытта 8 сәуір күні Жеңіс және Мәскеу көшелерінің қиылысында 50 жастағы автокөлік жүргізушісі ары қарай өткізбегені үшін наразылық білдіріп, құжаттарын көрсетуден бас тартты. Мән-жайды толық анықтау үшін ол Сарыарқа ауданының полиция басқармасына жеткізілді. Сонымен қатар, 4 сәуір күні ішімдікке сылқия тойып алған адам тәртіп сақшыларына қарсылық көрсеткен. Кешкі уақытта автопатруль полицейлеріне «Полянка» саяжай аумағында ер адамға шабуыл жасалғаны туралы хабарлама келіп түсті. Жәбірленушімен бірге полиция қызметкерлері оқиға орнына жетіп, көшеде, үйдің ауласында ішімдік ішіп жүрген ер адамдар тобына кезігеді. Тергеу барысында 1990 жылы туған ер адамның бірі полицейлердің талабына бағынбай, қарсылық көрсеткен. Сонымен қатар, 24 наурыз күні жедел басқару орталығына Бөкейхан көшесіндегі пәтерде дау-жанжал туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері отбасылық жанжалдың ортасынан түсті. 34 жастағы ер адам полиция қызметкерлерінің талаптарына бағынбай, жанжалдасады. Мас күйінде ол полиция қызметкерлерінің бірінің қолынан тістеп алған. Тәртіп сақшыларына бағынбау фактілері бойынша ҚР ҚК 380-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, ұсталған адамдар қамауға алынып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлеріне қатысты қорлау, бағынбау және күш қолдану фактілері бойынша тараптардың татуласуына байланысты қылмыстық істерді тоқтату тәжірибесі алынып тасталғанын ескертеміз.
-->Ел астанасында карантин режимі жарияланғалы бері тәртіп сақшыларына бағынбау оқиғалары тіркелді, деп хабарлайды Елорда Инфо Нұр-Сұлтан қалалық жол полициясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Төтенше жағдай режимі жарияланған уақытта 8 сәуір күні Жеңіс және Мәскеу көшелерінің қиылысында 50 жастағы автокөлік жүргізушісі ары қарай өткізбегені үшін наразылық білдіріп, құжаттарын көрсетуден бас тартты. Мән-жайды толық анықтау үшін ол Сарыарқа ауданының полиция басқармасына жеткізілді. Сонымен қатар, 4 сәуір күні ішімдікке сылқия тойып алған адам тәртіп сақшыларына қарсылық көрсеткен. Кешкі уақытта автопатруль полицейлеріне «Полянка» саяжай аумағында ер адамға шабуыл жасалғаны туралы хабарлама келіп түсті. Жәбірленушімен бірге полиция қызметкерлері оқиға орнына жетіп, көшеде, үйдің ауласында ішімдік ішіп жүрген ер адамдар тобына кезігеді. Тергеу барысында 1990 жылы туған ер адамның бірі полицейлердің талабына бағынбай, қарсылық көрсеткен. Сонымен қатар, 24 наурыз күні жедел басқару орталығына Бөкейхан көшесіндегі пәтерде дау-жанжал туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері отбасылық жанжалдың ортасынан түсті. 34 жастағы ер адам полиция қызметкерлерінің талаптарына бағынбай, жанжалдасады. Мас күйінде ол полиция қызметкерлерінің бірінің қолынан тістеп алған. Тәртіп сақшыларына бағынбау фактілері бойынша ҚР ҚК 380-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, ұсталған адамдар қамауға алынып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлеріне қатысты қорлау, бағынбау және күш қолдану фактілері бойынша тараптардың татуласуына байланысты қылмыстық істерді тоқтату тәжірибесі алынып тасталғанын ескертеміз.