Елорда жаңалықтары

Спорттық гимнастикадан бірнеше жарыс кейінге қалдырылды

Халықаралық гимнастика федерациясы (FIG) коронавирусқа байланысты Түркиядағы турнирді өткізбейтін болды, деп хабарлайды Елорда Инфо оlympic.kz сайтына сілтеме жасап. 26-28 маусым аралығында спорттық гимнастикадан Түркияның Мерсин қаласында өтетін әлем кубогі кезеңі өткізілмейді. Ал Болгарияның Варна (14-17 мамыр) және Египеттің Каир (5-8 маусым), сондай-ақ, Хорватияның Осиек (18-21 маусым) қаласында өтуі тиіс жарыстар кейінге шегерілді. Жақын арада Словенияның Копер қаласында өтетін турнир 11-14 маусымға жоспарланған.

-->