Елорда жаңалықтары

Елордада бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті

Нұр-Сұлтандағы «Жастар» сарайында бос жұмыс орындары жәрмеңкесі ұйымдастырылды, деп хабарлады Elorda.info.

Бұған 65 жұмыс беруші қатысты.

Жұмыс іздеп жүргендердің бірі – елордалық Сұлтан Тұрапбай.

-->

Нұр-Сұлтандағы «Жастар» сарайында бос жұмыс орындары жәрмеңкесі ұйымдастырылды, деп хабарлады Elorda.info.

Барлығы 300 бос жұмыс орны мен 1500-ге жуық жұмыс орны ұсынылды. Сондай-ақ мұнда бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінде есепте тұрған адамдарға арналған ұсыныстары бар жұмыс берушілер бар екенін атап өткен жөн. Бұл жәрмеңкедегі орташа жалақы  шамамен 150 000 теңгеден 300 000 теңгеге дейін, - деді Нұр-Сұлтан қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы басшысының орынбасары Ерлан Жүсіпов.

Бұған 65 жұмыс беруші қатысты.

Жәрмеңкеге үшінші рет қатысып отырмыз. Бұл әр жұмыс берушіге қажетті қызметкерді табуға көмектеседі. Мәселен, қазіргі уақытта бізге кеңесшілер қажет. Олар клиенттерді іздеу, депозиттер ашумен айналысады, - деді «Отбасы банк» өкілі Асқар Рахымбаев.

Жұмыс іздеп жүргендердің бірі – елордалық Сұлтан Тұрапбай.

Қазіргі кезде магистратурада білім алып жатырмын. Бірақ та оқумен қоса жұмыс істегім келеді. Мұнда жұмыс берушілер өте көп. Солардың ішінде өзіме қажетті жұмысты табамын деген ойдамын, - деді С.Тұрапбай.