«Birgemiz» қоры аса мұқтаж азаматтарға көмек көрсете бастады
Нұр-Сұлтанда «Birgemiz» Қоғамдық қорының қаражатынан халықтың әлеуметтік осал тобы санатындағыларға 50 мың теңгеден аудару басталды. Бұл туралы «Nur Otan» партиясы елордалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ерлан Каналимов Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды Елорда Инфо. «Атаулы әлеуметтік көмек алмайтын халықтың әлеуметтік осал тобы санатындағы елорда тұрғындарына Елбасы, «Nur Otan» партиясының төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен құрылған «Birgemiz» Қоғамдық қорының қаражатынан 50 мың теңгеден аудару басталды. Ақшалай қаражат қазірдің өзінде жеке тұлғалардың есепшотына аударылуда. Бұл ретте ешқайда барып, өтініш жазудың қажеті жоқ», - деп жазды Е.Каналимов. Елордада мұндай көмекті 14 478 адам алады. Бүгінгі күні көмек алушылардың 7 санаты бекітілді, санаттар бойынша әкімдіктер тізім ұсынды. Олардың қатарында аз қамтылған және көпбалалы отбасылар (2000 адам), бірінші топтағы мүгедектер (2004 адам), мүгедек бала тəрбиелеп отырған тұлғалар (5014 адам), ең төменгі зейнетақы алатын зейнеткерлер (82 адам), жетімдер (511 адам), ҰОС қатысушылары мен мүгедектері және оларға теңестірілгендер (2189 адам), сондай-ақ тыл еңбеккерлері (2678 адам) бар.
-->Нұр-Сұлтанда «Birgemiz» Қоғамдық қорының қаражатынан халықтың әлеуметтік осал тобы санатындағыларға 50 мың теңгеден аудару басталды. Бұл туралы «Nur Otan» партиясы елордалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ерлан Каналимов Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды Елорда Инфо. «Атаулы әлеуметтік көмек алмайтын халықтың әлеуметтік осал тобы санатындағы елорда тұрғындарына Елбасы, «Nur Otan» партиясының төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен құрылған «Birgemiz» Қоғамдық қорының қаражатынан 50 мың теңгеден аудару басталды. Ақшалай қаражат қазірдің өзінде жеке тұлғалардың есепшотына аударылуда. Бұл ретте ешқайда барып, өтініш жазудың қажеті жоқ», - деп жазды Е.Каналимов. Елордада мұндай көмекті 14 478 адам алады. Бүгінгі күні көмек алушылардың 7 санаты бекітілді, санаттар бойынша әкімдіктер тізім ұсынды. Олардың қатарында аз қамтылған және көпбалалы отбасылар (2000 адам), бірінші топтағы мүгедектер (2004 адам), мүгедек бала тəрбиелеп отырған тұлғалар (5014 адам), ең төменгі зейнетақы алатын зейнеткерлер (82 адам), жетімдер (511 адам), ҰОС қатысушылары мен мүгедектері және оларға теңестірілгендер (2189 адам), сондай-ақ тыл еңбеккерлері (2678 адам) бар.