Өзбекстанда азаматтарға кіммен кездескенін күнделікке жазып жүру ұсынылды
Өзбекстанның Бас прокуратурасы азаматтарға кіммен кездескенін күнделікке жазып жүруді ұсынды, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. «Аталған шара адам бойынан коронавирус инфекциясы табылған жағдайда онымен байланыста болғандарды жедел анықтау үшін қажет», - делінген ҚР Мемлекеттік комиссиясының шұғыл штабы таратқан ақпаратта. Соңғы мәліметтерге сәйкес, Өзбекстанда коронавирусты жұқтырған 504 адам анықталған. Екі науқас көз жұмып, 30-ы емделіп шыққан. Қазір 100 мыңнан астам адам карантин режимін сақтап отыр, оның 23 мыңнан астамы - стационарларға жатқызылғандар.
-->Өзбекстанның Бас прокуратурасы азаматтарға кіммен кездескенін күнделікке жазып жүруді ұсынды, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. «Аталған шара адам бойынан коронавирус инфекциясы табылған жағдайда онымен байланыста болғандарды жедел анықтау үшін қажет», - делінген ҚР Мемлекеттік комиссиясының шұғыл штабы таратқан ақпаратта. Соңғы мәліметтерге сәйкес, Өзбекстанда коронавирусты жұқтырған 504 адам анықталған. Екі науқас көз жұмып, 30-ы емделіп шыққан. Қазір 100 мыңнан астам адам карантин режимін сақтап отыр, оның 23 мыңнан астамы - стационарларға жатқызылғандар.