Елорда жаңалықтары

Елордада Жамбыл облысының ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтіп жатыр

Нұр-Сұлтанда Жамбыл облысының ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер өз өнімдерін ұсынды, деп хабарлады Elorda.info.

Облыстың ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер өнімдерін делдалсыз тікелей өткізуге мүмкіндік алды, нәтижесінде ауыл шаруашылығы өнімдерінің бағасы нарықтағы бағадан 10-20 пайызға төмен.

Жамбыл облысы әкімдігі Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Ербол Жиенқұлов биыл жәрмеңкеге 423 миллион теңгеге 495 тонна өнім әкелінгенін айтты.

Мәлік Жұмағұлов өз өнімін Шу ауданының Төле би кентінен жеткізіпті.

Жәрмеңкеге ерте келген қала тұрғыны да өз әсерімен бөлісті.

-->

Елордаға біздің өңірден 90-нан астам кәсіпкер өз өнімдерін әкелді. Олар: жылқы еті, сиыр еті, қой еті, тауық еті, шұжық өнімдері, сүт өнімдері, жұмыртқа, кондитерлік өнімдер, макарон өнімдері, балық, бал және басқалар. Жамбыл облысынан әкелінген барлық өнім нарықтағы құнынан 15-20%-ға төмен. Қала тұрғындары бағаларға өте риза. Сонымен қатар, осы жәрмеңкеге Меркедегі зауыттан қант алып келдік. 10 тонна қант әкелінді, келісі 480 теңгеден сатылып жатыр, – деді басқарма басшысы. 

Мәлік Жұмағұлов өз өнімін Шу ауданының Төле би кентінен жеткізіпті.

Жәрмеңкеде таңғы 7-ден бастап жұмыс істей бастадық. Мұнда қарбыз, пияз, сәбіз, қауын әкелдік. Қарбыздардың бір келісі 100 теңге. Пияз да 100 теңгеден. Қауынның келісін 200 теңгеден сатып жатырмыз. Бұл біздің еңбегіміз, өнімдерімізді тұрғындардың қолжетімді бағамен сатып алуын қалаймыз. Біздің тауарды елордаға жеткізуді ұйымдастырған әкімдікке үлкен алғысымды білдіремін, - дейді М.Жұмағұлов.

Жәрмеңкеге ерте келген қала тұрғыны да өз әсерімен бөлісті.

Осы жәрмеңкені ұйымдастырушыларға алғыс айтамын. Адамдар Жамбыл облысынан әкелінген тауарлардың сапасына өте риза. Өнімдердің бағалары қолжетімді. Маған қарбыз мен қауын ұнады. Сондай-ақ отбасыма 480 теңгеден бірнеше келі қант сатып алдым, - деді елордалық.