Елорда жаңалықтары

Елордада «Учаске» жедел алдын алу іс-шарасы өтіп жатыр

Нұр-Сұлтанда 8 тамыз бен 8 қыркүйек аралығында «Учаске» жедел алдын алу іс-шарасы өтіп жатыр, деп хабарлады Elorda.info.

Учаскелік полиция инспекторлары өздері қызмет көрсететін объектінің криминогендік жағдайын зерделеу үшін аулаларды және пәтерлерді аралайды, ішкі істер органдарында есепте тұрған адамдарды олармен профилактикалық әңгімелесу жүргізу үшін тексереді. 

Күн сайын учаскелік полиция инспекторлары тұрғындардың чаттарына профилактикалық сипаттағы ақпарат жібереді, қала тұрғындарының проблемалық мәселелері, құқық тәртібін қарастырады. Заңмен белгіленген уақытта тыныштықты бұзушыларға әкімшілік айыппұл түрінде жаза қолданылады. Мұндай фактілер жедел алдын алу іс-шарасы кезінде 1 413 факті тіркелген.

Жедел алдын алу іс-шарасы басталғаннан бері учаскелік инспекторлар 8 мыңнан астам пәтер мен 3 500 жеке үйді аралап шықты. Тұрғылықты жері бойынша ІІО есебінде тұрған 6 258 адам тексерілді. 

Жалпы, жедел алдын алу іс-шарасы басталғаннан бері 12 мыңнан астам азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде ҚР аумағында тіркеусіз тұрғаны үшін 4 мыңға жуық адам, ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 1 500-ден астам азамат және мас күйінде қоғамдық орынға шыққаны үшін 2 300-ге жуық азамат, кәмелетке толмағандарды түнгі уақытта үйлерінен тыс жерлерге заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз жібергені үшін 213 заңды өкіл жауапкершілікке тартылды.

-->