Елорда жаңалықтары

Алтай Көлгінов елордалықтарды Білім күнімен құттықтады

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов ұстаздарды, оқушыларды, ата-аналарды оқу жылының басталуымен құттықтады, деп хабарлады Elorda.info.

-->

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов ұстаздарды, оқушыларды, ата-аналарды оқу жылының басталуымен құттықтады, деп хабарлады Elorda.info.

Елордада биыл 1-сыныпқа 26 мыңнан аса бала барады. Оқушылардың мойнына жауапты міндет жүктеледі – баға үшін емес білім алу үшін оқу қажет. Жан-жақты дамыған адам болудың маңызы зор. Білім алуға ғана емес спортқа да көңіл бөлу керек.

Мектеп қабырғасында оқыған жылдары білім қорын жинақтау қажет, ол кейіннен ересек өмірде де пайдалы болмақ! Еңбек пен білім арқылы ғана үлкен жетістікке жетуге, биік шыңдарды бағындыруға болады!

Биылғы оқу жылында 11 мектепті пайдалануға береміз, олардың бір бөлігі ашылды. 11 мектепте 23 мыңнан астам оқушы білім алады.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша оқу орындарының санын арттыру жұмысы жүріп жатыр. Келесі жылы тағы 20 мектептің құрылысын бастаймыз. Ал ірі мектептердің құрылысына кезең-кезеңімен көшеміз. Яғни бір оқу орны 4 мың оқушыға (2 ауысымда) арналатын болады. Елордада 3 жыл ішінде 34 мектеп салынды. Осылайша 70 мың оқушы орны ашылды.

Сол сияқты елордада мектеп салу үшін 72 жер телімі бөлінді. Осы жер учаскелерінің аумағы 240 мың оқушыға (2 ауысымда) арналған оқу орындарын салуға мүмкіндік береді. Бұл жер учаскелері әлеуметтік нысандарға деген қажеттілікті ескере отырып, қаланың барлық ауданында белгіленген. Әлеуметтік нысандар құрылысына арналған жер телімдерінің санын жыл сайын көбейтетін боламыз.

Оқу жылының басталуы құтты болсын! Мықты денсаулық, табыс және білім алуға деген зор құлшыныс тілеймін. Өзіңізге және күшіңізге сеніңіз! – деп жазды елорда әкімі.