Еліміздегі барлық мектепте алғашқы қоңырау соғылды
Бүгін – Білім күні. Барлық мектепте көптен күткен алғашқы қоңырау соғылды, деп хабарлады Elorda.info.
Елдегі барлық мектеп өз оқушыларына есігін айқара ашты. Соның бірі – Нұр-Сұлтандағы №88 мектеп-лицейі. Мұнда білім күніне орай салтанатты шара өтті.
Елордадағы бұл білім ордасы жаратылыстану-математикалық бағытта жұмыс істейді. Былтыр мұнда 1350 оқушы білім алса, биыл олардың саны 2285-ке жеткен.
Мұнда қазіргі кезде ерекше білім беруді қажет ететін 48 оқушы білім алады.
Мұнда биыл 612 бала бірінші сыныпқа қабылданды.
Сондай-ақ Мөлдір Нұрбайқызы алдағы оқу жылында ата-аналармен тығыз байланыста болып, білім саласында биік асуларға жетуге сенім білдірді.
-->Бүгін – Білім күні. Барлық мектепте көптен күткен алғашқы қоңырау соғылды, деп хабарлады Elorda.info.
Елдегі барлық мектеп өз оқушыларына есігін айқара ашты. Соның бірі – Нұр-Сұлтандағы №88 мектеп-лицейі. Мұнда білім күніне орай салтанатты шара өтті.
Құрметті ұстаздар! Қымбатты оқушылар, ата - аналар және қонақтар! Сіздерді бүгінгі жарқын да қуанышты, мереке – білім күнімен және жаңа оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтаймын. Бұл мереке әрбір адамның өміріне ерекше әсер етіп, ұмытылмас сәттерімен есте қалады.Қазіргі таңда әр оқушыға жеке тұлға ретінде қарап, саналы тәрбие, сапалы білім беру- өмір талабы. Білім әр адамның қалыптасуы мен дамуы үшін маңызды болып қала береді, - деді мектеп директоры Жанат Айтова.
Елордадағы бұл білім ордасы жаратылыстану-математикалық бағытта жұмыс істейді. Былтыр мұнда 1350 оқушы білім алса, биыл олардың саны 2285-ке жеткен.
Мектеп лицейі тәй-тәй басқан баладай биыл 11 қарашада 3 жасқа келеді. 2019 жылы ең алғаш мектеп ашылғанда «Chevron» компаниясы мен «Болашақ» корпоративтік қорының қолдауымен инклюзия қолдау кабинеті ашылған болатын. Бұл кабинет - оқуда қиындықтары бар оқушылар оқу үрдісінен қол үзбей, өз қажеттіліктеріне сәйкес көмек алатын мектептегі қолайлы үй-жайы, - деді Жанат Тұрысбекқызы.
Мұнда қазіргі кезде ерекше білім беруді қажет ететін 48 оқушы білім алады.
Биылғы оқу жылының тағы бір ерекшелігі – мектеп тарихындағы түңғыш «Алтын белгіге» үміткер оқушылардың мектепті аяқтауы. Жалпы мектебіміздің материалдық базасы талапқа сай қажетті оқу жабдықтарымен толық қамтылған. Қымбатты 11 сынып оқушылары! Сіздер үшін биыл соңғы рет «Алғашқы қоңырау» соғылғалы тұр. Мектеп өміріндегі соңғы оқу жылдарыңыз жемісті де, жеңісті болсын, - деп сөзін түйіндеді басшы.
Мұнда биыл 612 бала бірінші сыныпқа қабылданды.
Осы оқу жылы мен үшін ерекше жыл болмақ. Себебі мен ең алғаш оқушыларды білім ұясына қабылдап, ұстаздық жолымды бастағалы жатырмын. Қазақтың халық жазушысы Ғабит Мүсірепов: «Оқушының ең сенімді ұстазы, сыр жасырмай ашық айтатын адамы – мұғалім» демекші, менің алға қойған мақсатым да алдыма келген оқушының тек ұстазы ғана емес, сонымен қатар қысылмай ойын айтар сырлас досы, жақыны болу және оқушы бойына білімді заманауи, креативті әдіс-тәсілдермен дарыту, - деді жас маман Мөлдір Қуанышова.
Сондай-ақ Мөлдір Нұрбайқызы алдағы оқу жылында ата-аналармен тығыз байланыста болып, білім саласында биік асуларға жетуге сенім білдірді.
Сабақ оқуға келдім. Мұғалімімді көрдім. Жаңа достармен таныстым. Сабақты 5-ке оқитын боламын, деді 1-сынып оқушысы Армин Альмухамбетова.