Елорда жаңалықтары

Сарайшық көпірінде жөндеу жұмыстары жалғасады

Осы уақыт ішінде үлкен трафиктің арқасында көпірде жарықтар мен шұңқырлар пайда болды. Осыған байланысты, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ағымдағы жылдың тамыз айында Мәңгілік ел даңғылы – Сарайшық көшесі мен Р.Қошқарбаев даңғылының қиылысындағы көлік айрығының учаскесінде автомобиль көпірін орташа жөндеу басталды.

Алайда, асфальтбетон жабынын фрезерлеу және деформацияланған қабатты бөлшектеу бойынша жұмыстар жүргізілгеннен кейін темірбетон плитасының бетонды сілтісіздендіру белгілері бар учаскелер табылды.

Соңғы екі жылда қалада 300-ден астам көше жөнделді және салынды, осы жылды есепке алғанда 400-ден астам көше.

-->

Бүгінгі күні бетонды демонтаждау бойынша жұмыстар жүргізілуде, одан кейін ақаулар анықталған жерлерге бетон қоспасын төсеу жұмыстары жүргізіледі. Осыған байланысты, көпірді жөндеу жұмыстары қыркүйек айының соңына дейін ұзартылады. Айта кету керек, көпірде жүру ыңғайлы болу үшін екі бағытта да қозғалыс сақталған (бірақ демалыс күндері, 2 қыркүйектің кешінен 5 қыркүйекке дейін қозғалыс толығымен жабылады, бұл туралы қосымша хабарланады). Қала жолдарында кептеліс тудырмау мақсатында елорда тұрғындары мен қонақтарына өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды ұсынамыз, – делінген хабарламада.