Елорда жаңалықтары

Елорда Конституция күніне орай мерекелік концерт өтті

Мерекелік бағдарламада ең үздік патриоттық әндер көрермендерге мерекелік көңіл күй сыйлады. Соның ішінде Исаның «Желдірме», Сүгірдің «Аққу», Евгений Брусиловскийдің «Шашу», Нұрғиса Тілендиевтің «Алатау», Айтқали Жайымовтың «Шаттық елі», Алтынбек Қоразбаев пен Қасым Аманжоловтың әндері шырқалды.

Концертте Қазақ оркестрі, Камералық хор, «Шалқыма» халық би ансамблі, Үрлемелі аспаптар оркестрі, «Сарыарқа» фольклорлық ансамблі, «DoStar» вокалдық тобы, халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаттары өз өнерлерін көрсетті.

Мерекелік жиында Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Светлана Айтбаева Қанабек Байсейітовтің сөзіне жазылған «Ақтамақ» әнін орындап, барша қазақстандықтарды Конституция күнімен құттықтады.

Концерттік бағдарламада Қазақ оркестрінің Бас дирижері Айтқали Жайымов, мәдениет қайраткері Нұрлан Бекенов, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Гүлмира Құттыбадамова; «Шалқыма» халық би ансамблінің көркемдік жетекшісі Абдурасул Есекеев, Үрлемелі аспаптар оркестрінің көркемдік жетекшісі Никита Почиталин, «Сарыарқа» фольклорлық ансамблінің көркемдік жетекшісі Тоғжан Жахин де көрермен қошеметіне бөленді.

-->

Бүгінгі мереке әрбір қазақстандық үшін өте маңызды әрі мәртебесі жоғары күн деп ойлаймын. Біздің Ата Заңымыз – тарихи жеңістің, халқымыздың арман-мүддесін заң жүзінде айқындаған, бүкіл әлемге Қазақстан деген азат елдің бар екендігін паш еткен беделді құжат. Осы мерекеге орай өнер адамдары қала тұрғындары мен қонақтарына әдемі кеш сыйлап жатыр. Адал сөзге тоқтай білетін, Ата Заңымызға бағына білетін ұрпағымыз көбейе берсін, - деді Светлана Айтбаева.