Елорда жаңалықтары

Төрт өңірден құтқарушылар мен әскери қызметшілер Мақтаарал ауданына жіберілді

Түркістан облысының Мақтаарал ауданы аумағындағы төтенше жағдайдың салдарын жою жұмыстары жалғастырылуда, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі Қазақстанның ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап. Тұрғындарды елді мекендерден эвакуациялау бойынша дер кезінде қабылданған шаралардың арқасында тұрғындар арасында адам шығынына жол берілмеді. Алайда азаматтардың мүлкіне елеулі залал келді. Шаруашылықтар, аулалар су астында қалды, кейбір тұрғын үйлер құлап қалды. Ішкі істер министрінің тапсырмасы бойынша өңірге төтенше жағдай салдарын жою және суды сору үшін 276 адам мен 73 техника жеткізілді. Шымкент қаласы, Жамбыл, Қызылорда облыстарының төтенше жағдайлар департаменттерінен қосымша күштер, құралдар жіберілді. Сонымен қатар оқиға орнына Алматы облысынан Ұлттық ұланның әскери бөлімінің механикаландырылған құрама жасағы келді. Автомобиль жолдары бойында нығайту жұмыстары жүргізілуде: 25 000 астам құм толтырылған қап қаланды. Нұрлыжол, Фирдоуси, Өргебас, Ырысты және Жантақсай ауылдары аумағында 3 коллектор орнатылып, уақытша бөгеттер салынуда. Олардың жалпы ұзындығы 3,5 км құрайды. Төтенше жағдай салдарын жоюға құтқарушылар, әскери қызметшілер, полицейлер, жергілікті атқарушы орган қызметкерлері, еріктілер қатысуда. Жалпы алғанда авариялық-құтқару жұмыстарына мыңнан астам адам, 180 техника, оның ішінде жүзу құралдары мен су соруға арналған мотопомпалар жұмылдырылды. Мақтаарал ауданы аумағында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету үшін 8 блокбекет қойылды. Полиция қызметкерлері және Ұлттық ұланның әскери қызметшілері азаматтардың мүлкін күзетуде. Түркістан облысының төтенше жағдай департаментінде қауырт телефон желісі жұмыс істейді: (8(72533) 4-06-50, 8(72541) 2-22-25).

-->