Елордада мектеп жәрмеңкесі жалғасып жатыр
Ұйымдастырушылар мәліметінше, кәсіпкерлерге сауда орындары тегін берілді. Олар елорда тұрғындарына мектеп тауарларын нарықтағы бағадан төмен бағада сатуы қажет. Жәрмеңкеде оқу құралдарынан бастап киім-кешек және аяқ киімге дейін сатылуда.
Елорда тұрғыны Айгерім Бисембаева жаңа оқу жылы қарсаңында мектеп тауарларының жәрмеңкесін өткізу ата-аналарға өте ыңғайлы болғанын айтты.
Айта кетейік, жәрмеңке аумағында балалар мен ата-аналарға арнап шығармашылық ұжымдардың ұйымдастыруымен күн сайын концерттік бағдарламалар ұйымдастырылды.
-->Ұйымдастырушылар мәліметінше, кәсіпкерлерге сауда орындары тегін берілді. Олар елорда тұрғындарына мектеп тауарларын нарықтағы бағадан төмен бағада сатуы қажет. Жәрмеңкеде оқу құралдарынан бастап киім-кешек және аяқ киімге дейін сатылуда.
Елорда тұрғыны Айгерім Бисембаева жаңа оқу жылы қарсаңында мектеп тауарларының жәрмеңкесін өткізу ата-аналарға өте ыңғайлы болғанын айтты.
Менің төрт балам бар. Оның үшеуі мектепке барады. Егер оларға қажетті заттарды әдеттегі дүкеннен алсам қымбатырақ болатын еді. Біз сияқты бірнеше баласы мектепке баратын ата-аналар үшін бұл өте тиімдірек. Жәрмеңке болса да, мектеп қажеттіліктерінің сапасы жақсы, - дейді қала тұрғыны.
Айта кетейік, жәрмеңке аумағында балалар мен ата-аналарға арнап шығармашылық ұжымдардың ұйымдастыруымен күн сайын концерттік бағдарламалар ұйымдастырылды.