Елорда жаңалықтары

Елордада қоян-қолтық ұрыстан республикалық турнир басталды

Жарысқа күш құрылымдарынан жасақталған 7 құрама команда қатысуда. Олардың барлығы 6 салмақ дәрежесінде өз бақтарын сынайды. Олардың арасында Ішкі істер министрлігі, Қорғаныс министрлігі, Төтенше жағдайлар министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Мемлекеттік күзет қызметі, Қаржы мониторингі агенттігі және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінен қатысатын командалар бар.

Биылғы республикалық турнирге ең мықты 42 спортшы іріктелініп алынды.

Айта кетейік, олардың қатарында еңбек сіңірген спорт шеберлері, халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері және әртүрлі разрядтардың иегерлері бар.

Аталған іс-шараның мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, ҚР құқық қорғау органдары, күш және арнайы құрылымдары қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің арнайы дене шынықтыру даярлығының деңгейін арттыру, қатысушылардың спорттық шеберлігі мен біліктілігін арттыру.

Бүгін турнирдің ашылу салтанаты мен жарыс жекпе-жектері басталды.

-->