Елордада стенд атудан Қазақстан кубогы өтіп жатыр
Жарысқа еліміздің түкпір-түкпірінен яғни, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларынан, сонымен қатар Алматы, Қызылорда, Павлодар облыстарынан 100-ден аса сұрмерген қатысуда.
Жарыстың ашылу салтанатына Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов, Қазақстан спорттық ату федерациясының президенті Берік Асылов және Қазақстан спорттық ату федерациясының бас хатшысы Олег Почивалов қатысып, спортшыларға сәттілік тіледі.
Жарыстың ашылу салтанатында алғаш болып сөз алған Берік Асылов алдымен қатысушарды құттықтап, стенд атудан Қазақстан Республикасы кубогының ІІІ кезеңі мен Нұр-Сұлтан қаласының ашық чемпионатын ашық деп жариялады.
Бұл жарыста Азия ойындары, Азия чемпионаттары мен «Азия балалары» халықаралық спорттық ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлері өз шеберліктерін көрсетуде. Аталмыш жарысқа құрлықтық және әлемдік додаларда топ жарып жүрген елордалық спортшылар да қатысуда.
Айта кету керек, байрақты бәсеке 4 кезеңнен тұрады. Бұл жолы жарысқа қатысушылар стенд атудың скит және спортинг түрлері бойынша өзара мықтыны анықтайды.
Кейін ел үздіктері қараша айында тағы да бас қосып, Қазақстан кубогының шешуші, яғни,төртінші кезеңінде бақтарын сынайтын болады.
Осы жарыс қорытындысы бойынша ұлттық құрама жасақталып, ол Хорватияда өтетін лицензиялық әлем чемпионатына қатысуға мүмкіндік алады.
Жарыстың жалпы қорытындысы 29 тамызда белгілі болады.
-->Жарысқа еліміздің түкпір-түкпірінен яғни, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларынан, сонымен қатар Алматы, Қызылорда, Павлодар облыстарынан 100-ден аса сұрмерген қатысуда.
Жарыстың ашылу салтанатына Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов, Қазақстан спорттық ату федерациясының президенті Берік Асылов және Қазақстан спорттық ату федерациясының бас хатшысы Олег Почивалов қатысып, спортшыларға сәттілік тіледі.
Жарыстың ашылу салтанатында алғаш болып сөз алған Берік Асылов алдымен қатысушарды құттықтап, стенд атудан Қазақстан Республикасы кубогының ІІІ кезеңі мен Нұр-Сұлтан қаласының ашық чемпионатын ашық деп жариялады.
Бұл жарыста Азия ойындары, Азия чемпионаттары мен «Азия балалары» халықаралық спорттық ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлері өз шеберліктерін көрсетуде. Аталмыш жарысқа құрлықтық және әлемдік додаларда топ жарып жүрген елордалық спортшылар да қатысуда.
Бір қуанарлығы – елордадағы ату алаңы қайта жанданып, айтулы аламандарды өткізе бастады. Бұл алаң ЭКСПО көрмесінен кейін 4 жылдай тұралап қалып еді. Қазір мұндағы жағдай жақсы. Спортшыларға өте қолайлы. Біз осы бәсекелер нәтижесінде ел үздіктерін іріктеп, бірлескен жаттығу жиындарын өткіземіз. Одан кейін дәл осы спортшылар халықаралық жарыстарда ел намысын қорғайтын болады, - деді Қазақстан спорттық ату федерациясының бас хатшысы.