Елорда жаңалықтары

Елордада Ахмет Байтұрсынұлына арналған мәдени кеш өтті

Нұр-Сұлтан қаласының Ішкі саясат басқармасы және Білім басқармасы, қалалық ардагерлер кеңесі ұйытқы болған іс-шараға ардагерлер мен жастар, ұстаздар мен оқушылар қатысты.

Ал әдебиеттанушы, алаштанушы Дихан Қамзабекұлы тұлғаның тарихтағы орнын саралады. Ғалымның сөзінше, Ахмет Байтұрсынұлы – ұлттық оқу-жазу жүйесінің реформаторы. Ол ұлттың дыбыстық, лексикалық, грамматикалық ерекшеліктерін негізге алып, төл әліпбені енгізеді, ұлттық білім берудің негізін қалап, оқулықтар жазды.

Конституция күні қарсаңында өткен іс-шарада вундеркинд Ахмет-Мырза Констицияның мән-маңызын айтып, Президенттің антын жатқа айтып берді.

Талапты балаға мектеп-лицейдің директоры Зәуре Садыкова ақ жол тіліп, Әліппе мен Абайдың өлеңдерін сыйға берді.

Нұрлат Байгенже

-->

Биыл Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойы халықаралық деңгейде, ЮНЕСКО аясында атап өтіледі. Нұр-Сұлтанда ұлт ұстазын ұлықтайтын 300-ге жуық іс-шара жоспарланса, соның бірі – №48 мектеп-лицейінде музей ашылды. Тағы бір қуанышты жаңалық, Ахмет Байтұрсынұлына берілген көшеде ескерткіш бой көтеретін болады, – деді қоғам белсендісі Марат Мұстафин.

Ал әдебиеттанушы, алаштанушы Дихан Қамзабекұлы тұлғаның тарихтағы орнын саралады. Ғалымның сөзінше, Ахмет Байтұрсынұлы – ұлттық оқу-жазу жүйесінің реформаторы. Ол ұлттың дыбыстық, лексикалық, грамматикалық ерекшеліктерін негізге алып, төл әліпбені енгізеді, ұлттық білім берудің негізін қалап, оқулықтар жазды.

Конституция күні қарсаңында өткен іс-шарада вундеркинд Ахмет-Мырза Констицияның мән-маңызын айтып, Президенттің антын жатқа айтып берді.

Талапты балаға мектеп-лицейдің директоры Зәуре Садыкова ақ жол тіліп, Әліппе мен Абайдың өлеңдерін сыйға берді.

Бүгінгі іс-шараның мақсаты – тарихи тұлғалардың тағылымын дәріптеп, ұрпақтар сабақтастығын жаңғырту және жастарға білімді, білікті, белсенді болудың парқын түсіндіру, – деді қалалық ардагерлер кеңесінің жауапты хатшысы Салтанат Меңлібаева.

Нұрлат Байгенже