Елорда жаңалықтары

Елордада жедел жәрдем қызметінің өзекті мәселелері талқыланды

Іс-шара Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің құттықтау хатымен басталды. Оны шаһар басшысының орынбасары Ерлан Бекмурзаев оқып берді.

Конференцияда Нұр-Сұлтан қаласының қалалық жедел медициналық жәрдем станциясының даму тарихы мен жетістіктері туралы айтылып, жедел медициналық көмек көрсетудің бүгінгі күнгі өзекті мәселелері, оның жай-күйі мен даму перспективалары талқыланды. 

Іс-шараға Израиль Ұлттық жедел медициналық жәрдем қызметінің парамедиктерді даярлау орталығының аға нұсқаушысы, Safeguard Medical компаниясының клиникалық директоры Э.Е.Вершиловский қатысты. Ол Израиль мемлекетінің жедел жәрдем қызметін қызметін ұйымдастыру туралы айтты. Көпшілік зардап шеккен оқиғаларға жылдам ден қою, Израиль жедел медициналық жәрдем қызметінің доктринасы және қан кетуді тоқтату бойынша шеберлік сабағын өткізді. 

Сондай-ақ, Ресей Федерациясындағы реаниматолог-анестезиолог, РФ Денсаулық сақтау министрлігінің Ұлттық санитариялық авиация қызметінің бас дәрігері А.В.Переведенцев «Жүрек-өкпе реанимациясына арналған жаңа технологиялар: болашаққа көзқарас» тақырыбында баяндама жасады.

Конференция аясында медициналық технологиялар көрмесі ұйымдастырылды. Оған озық медициналық жабдықтарды көрсету үшін отандық және шетелдік медициналық техниканы өндірушілер қатысты. 

Елордадағы жедел және шұғыл медициналық көмек қызметінің даму тарихы 1932 жылдың 14 ақпанынан басталады. Ақмоланың №1 қалалық ауруханасының базасында қала тұрғындарына жедел және шұғыл медициналық көмек көрсету бөлімшесі ашылды. Ақмолада  бастапқыда жедел медициналық көмекті 2 фельдшер ат көлігімен негізінен күндізгі уақытта көрсетті. 

Бұдан кейін жедел медициналық қызмет керсету сапасы біртіндеп жақсарып, дамып, бүгінгідей заманауи жабдықтармен жарақтандырылған деңгейге жетті. 90 жыл уақыт ішінде елордадағы жедел медициналық жәрдем қызметі үлкен даму сатысынан өтті.

Қазіргі уақытта станция жоғары білікті мамандары бар және өз арсеналында заманауи жабдықтары, дәрі-дәрмектері және санитарлық автокөліктері бар қаланың жетекші емдеу-профилактикалық мекемелерінің біріне айналды.

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ШЖҚ «Қалалық жедел медициналық жәрдем станциясы» МКК директоры Мұрат Оразбаевтың айтуынша, мұнда орталық станция, 4 аудандық қосалқы станция (Есіл, Сарыарқа, Алматы, Байқоңыр) және 11 орналастыру пункті бар. 

Айта кетейік, елордалық жедел медициналық жәрдем станциясы – тек қаланың ғана емес, сонымен қатар республиканың жоғары білікті және кәсіби мамандары бар, заманауи жабдықтармен, санитарлық автокөліктермен жабдықталған жетекші медициналық ұйымдардың бірі.

Елордада жедел медициналық көмек жалпыға қолжетімді және тегін.

-->

Жедел медициналық жәрдем станциясының ұжымын 90 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын.  Елорданың денсаулық саласының дамуына сүбелі үлес қосып, халық игілігі үшін қажырлы еңбек етіп келесіздер. Қоғамдық маңызы зор жауапты қызметтегі еңбектеріңіз бен медицина саласындағы үлестеріңіз әрдайым жоғары бағаланады. Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін, - делінген әкімнің құттықтауында. 

Конференцияда Нұр-Сұлтан қаласының қалалық жедел медициналық жәрдем станциясының даму тарихы мен жетістіктері туралы айтылып, жедел медициналық көмек көрсетудің бүгінгі күнгі өзекті мәселелері, оның жай-күйі мен даму перспективалары талқыланды. 

Іс-шараға Израиль Ұлттық жедел медициналық жәрдем қызметінің парамедиктерді даярлау орталығының аға нұсқаушысы, Safeguard Medical компаниясының клиникалық директоры Э.Е.Вершиловский қатысты. Ол Израиль мемлекетінің жедел жәрдем қызметін қызметін ұйымдастыру туралы айтты. Көпшілік зардап шеккен оқиғаларға жылдам ден қою, Израиль жедел медициналық жәрдем қызметінің доктринасы және қан кетуді тоқтату бойынша шеберлік сабағын өткізді. 

Сондай-ақ, Ресей Федерациясындағы реаниматолог-анестезиолог, РФ Денсаулық сақтау министрлігінің Ұлттық санитариялық авиация қызметінің бас дәрігері А.В.Переведенцев «Жүрек-өкпе реанимациясына арналған жаңа технологиялар: болашаққа көзқарас» тақырыбында баяндама жасады.

Конференция аясында медициналық технологиялар көрмесі ұйымдастырылды. Оған озық медициналық жабдықтарды көрсету үшін отандық және шетелдік медициналық техниканы өндірушілер қатысты. 

Елордадағы жедел және шұғыл медициналық көмек қызметінің даму тарихы 1932 жылдың 14 ақпанынан басталады. Ақмоланың №1 қалалық ауруханасының базасында қала тұрғындарына жедел және шұғыл медициналық көмек көрсету бөлімшесі ашылды. Ақмолада  бастапқыда жедел медициналық көмекті 2 фельдшер ат көлігімен негізінен күндізгі уақытта көрсетті. 

Бұдан кейін жедел медициналық қызмет керсету сапасы біртіндеп жақсарып, дамып, бүгінгідей заманауи жабдықтармен жарақтандырылған деңгейге жетті. 90 жыл уақыт ішінде елордадағы жедел медициналық жәрдем қызметі үлкен даму сатысынан өтті.

Қазіргі уақытта станция жоғары білікті мамандары бар және өз арсеналында заманауи жабдықтары, дәрі-дәрмектері және санитарлық автокөліктері бар қаланың жетекші емдеу-профилактикалық мекемелерінің біріне айналды.

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ШЖҚ «Қалалық жедел медициналық жәрдем станциясы» МКК директоры Мұрат Оразбаевтың айтуынша, мұнда орталық станция, 4 аудандық қосалқы станция (Есіл, Сарыарқа, Алматы, Байқоңыр) және 11 орналастыру пункті бар. 

Кәсіпорынның қарамағында 120 санитарлық автокөлік, оның ішінде 27 реанимобиль (С сыныбы) бар. 2019-2020 жылдар аралығында Мемлекет басшысының, Президенттің, Үкіметтің, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің үлкен қолдауының арқасында кәсіпорын үшін 101 санитарлық автокөлік сатып алынды. Осылайша, кәсіпорын автопаркі 100% жаңартылды. Автопарктің жұмысын тиімді қамтамасыз ету үшін кәсіпорынның жеке техникалық қызмет көрсету станциясы ұйымдастырылған. Барлық автомобиль GPS спутниктік навигация жүйесімен, сондай-ақ заманауи медициналық жабдықтармен жабдықталған. Барлық жабдықтар жұмыс істеп тұр, жыл сайын сервистік тексеруден өтеді. Мұнда 1414 қызметкер бар. Станцияда маман тапшылығы байқалмайды. Қалалық жедел медициналық жәрдем станциясы елорда тұрғындары мен қонақтарына ауруханаға дейінгі кезеңде шұғыл медициналық көмек көрсетуде аянып қалмайды. 103 пультіне елорда тұрғындары мен қонақтарына тәулігіне н шамамен 3 000-3500 қоңырау түседі. Күн сайын желіге 80 бригада шығады, - деді Мұрат Оразбаев.