Елорда жаңалықтары

Полицейлер мектептердің жанындағы жол учаскелерінің қауіпсіздігін тексерді

№69 мектепке іргелес жатқан автожол учаскелерінде жол белгілері орнатылды. Сондай-ақ, осы стандартпен бекітілген үлгілік схема бойынша жасанды жол бұдырлары салынған.

Бұдан басқа, жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып, BINOM мектебінің ауданында көлік тұрағын жабдықтау, жол белгілерін орнату және орамішілік өткелдің бойына бір жақты қозғалысты енгізу бойынша іс-шаралар жүргізілді.

Қазіргі уақытта мектеп алдындағы орамішілік көше учаскесін орташа жөндеу бойынша жұмыстар қарқынды жүргізілуде. Аталған учаскені орташа жөндеу шеңберінде жол қозғалысын реттеудің барлық қажетті техникалық құралдары, оның ішінде жол таңбасы көзделген. Жұмыстарды 1 қыркүйекке дейін аяқтау жоспарланып отыр.

Қоғамдық өмірге белсене араласып жүрген тұрғындар полицейлермен кездесіп, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша ұсыныстарын айтты. Тұрғындардың тілектерін ескере отырып, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, балалардың жол-көлік жарақатының алдын алу бойынша жұмыстар жалғасатын болады.  

-->