Елорда жаңалықтары

Елордада арнайы жедел ден қою жасағында 254 бос жұмыс орны бар

Жыл соңына дейін өткізілетін жәрмеңкеде жұмыс берушілер әркез өзгеріп отырады. Мемлекеттік және жеке меншік мекемелер өз талаптарына сай келетін жұмыс іздеушілерден түйіндеме қабылдады. Әңгімелесу жұмыс орнында жүргізіледі.  

Жәрмеңкеде көптің назарын елордадағы бес жұлдызды қонақ үй ұсынған бос жұмыс түрлері қызықтырды. Жұмыс беруші мәліметінше, қонақ үйге даяршы, бармен,бөлме тазалықшысы, әмбебап аспазшы, ыдыс жуушы және швейцар қызметкерлері қажет.  Жалпы 15 бос жұмыс орнын ұсынған қонақ үйде жалақы 150 мыңнан басталады, қосымша сыйақы мен бонус та қарастырылған. Бірақ қонақ үйге келген қонақтармен тілдесетін қызметкерлерге ағылшын тілін білу маңызды, бұл басты талаптардың бірі.

Сондай-ақ қалалық Полиция департаментінде инспектор және жүргізушіге бос жұмыс орындары бар. Кадр бойынша командир орынбасары екі мамандыққа қойылатын талаптар бірдей екенін айтты.

Жұмыс іздеушілер қатарында еңбек өтілі бар сала мамандары мен оқуды енді бітірген жас мамандар да болды. Биылғы білім саласындағы өзгеріске сәйкес Ұлттық біліктілік  тестілеуден өткен Жанерке Байзақ елордаға жұмыс іздеп келген.

Ал магистратураны былтыр бітірген Гауһар Құралбекова бос жұмыс орындар жәрмеңкесіне екінші рет келген.

-->

Астанада жедел ден қою арнайы жасағында 254 бос жұмыс орны бар. Оның ішінде инспектор және жүргізушілер де кіреді. Бізге жоғары білімді, заңгер білімі бар, әскерге барған және спорттан бірінші разрядтты қызметкер қажет,-дейді Руслан Әмренов.

Жұмыс іздеушілер қатарында еңбек өтілі бар сала мамандары мен оқуды енді бітірген жас мамандар да болды. Биылғы білім саласындағы өзгеріске сәйкес Ұлттық біліктілік  тестілеуден өткен Жанерке Байзақ елордаға жұмыс іздеп келген.

Мен биыл тарих пәні мұғалімі бойынша жоғары білімді аяқтадым. Өзім Тараз қаласынан жұмыс таппаған соң астанаға келіп едім. Бірақ, әлі жұмыс таппадым. Мектептерде тарих пәнінің сағаты азайғандықтан осы пән бойынша мұғалімге сұраныс болмай тұр, - дейді жас маман.

Ал магистратураны былтыр бітірген Гауһар Құралбекова бос жұмыс орындар жәрмеңкесіне екінші рет келген.

Мен саясаттану мамандығы бойынша оқу бітірдім. Бірақ осы уақытқа дейін мамандығым бойныша тұрақты жұмыс істеген жоқпын. Әзірге нәтиже жоқ. Тек бір жұмыс берушінің талаптары ғана қызықтырды, - дейді қала тұрғыны.