Елорда жаңалықтары

Елордада көлік құралдарының қозғалысы кезең-кезеңімен тоқтатылады

Бүгін «Нұра-Есіл» каналынан Мәңгілік ел даңғылының қиылысына дейінгі учаскеде автокөлік құралдары үшін қозғалыс толығымен жабылды.

25 тамызда Мәңгілік ел даңғылының қиылысынан Жаңадария көшесіне дейін жабылады.

Пригородный кенті мен саяжай массивінің тұрғындары «Нұра-Есіл» каналы ауданындағы Қабанбай батыр даңғылынан Тұран даңғылына қарай, сондай-ақ Арнасай көшесі арқылы «Оңтүстік айналма жолға» дейін жүруге болады.

26 тамызда Жаңадария көшесінен «Оңтүстік айналма жол» көлік айрығына дейін жабылады.

-->

Құрметті жүргізушілер! Аталған өзгерістерді назарға алып, түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз және жөндеу жұмыстары аяқталғанға дейін жабық учаскелерді қоспағанда, маршруттарыңызды алдын ала жоспарлауыңызды сұраймыз. Әуежайға баратын жүргізушілер маршрутты «Оңтүстік айналма жол» арқылы жоспарлаңыздар, – делінген Полиция департаментінің хабарламасында.