Бала күтімімен отырған аналар 42 500 теңге ала ма – министр жауабы
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов онлайн баспасөз конференциясы барысында бала күтімімен отырған аналар 42 500 теңге жәрдемақыға үміттене алатыны туралы мәлім етті, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. «Бала күтімімен отырған әйел адамдардың 42 500 теңге жәрдемақы алуы жөнінде сұрақтар түсіп жатыр. Оларға бала күтіміне бір жыл толғанша мемлекет тарапынан жәрдемақы төленеді. Бір жыл асқаннан кейін ол кісілер әрине жұмысқа барар еді, бірақ қазіргі уақытта жұмысқа ешкімді шақырмайды. Сондықтан бала күтімімен отырған аналар бір жыл өткеннен кейін ҚҚС-ны (қосылған құнға салынатын салық) төлеп, 42 500 теңгеге үміттенуге болады», - дейді Біржан Нұрымбетов.
-->Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов онлайн баспасөз конференциясы барысында бала күтімімен отырған аналар 42 500 теңге жәрдемақыға үміттене алатыны туралы мәлім етті, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. «Бала күтімімен отырған әйел адамдардың 42 500 теңге жәрдемақы алуы жөнінде сұрақтар түсіп жатыр. Оларға бала күтіміне бір жыл толғанша мемлекет тарапынан жәрдемақы төленеді. Бір жыл асқаннан кейін ол кісілер әрине жұмысқа барар еді, бірақ қазіргі уақытта жұмысқа ешкімді шақырмайды. Сондықтан бала күтімімен отырған аналар бір жыл өткеннен кейін ҚҚС-ны (қосылған құнға салынатын салық) төлеп, 42 500 теңгеге үміттенуге болады», - дейді Біржан Нұрымбетов.