Елордадағы жастарды қолдау орталығы 2500-ден астам адамға көмек көрсеткен
Айта кетейік NEET санатына оқуын жалғастыруға немесе ақысын төлеуге мүмкіндігі жоқ, арнайы/кәсіптік білімі жоқ жастар; жұмыс іздеумен, оның ішінде арнаулы білім мен жоғары біліктілікті талап етпейтін жұмыс іздеумен айналысатын, сондай-ақ ауыл жастары; өзін-өзі жұмыспен қамтыған жастар және пробациялық бақылаудағы жастар кіреді.
Бұл орталық 2020 жылдан бастап жұмыс істей бастады. Бүгінгі күнде орталықтың қызметін 2500 астам адам алған.
NEET санатындағы жастарды қолдау жобасы «Нұр-Cұлтан қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасы» ММ қолдауымен іске асырылуда.
Жоба аясында жеке және кәсіби қасиеттерді дамыту бойынша оқыту семинар-тренингтері, түйіндеме жасау, әңгімелесуден өту бойынша шеберлік сыныптары тегін өткізіледі. Бүгінгі таңда 1013 адамға семинар-тренингтер мен шеберлік сыныптарына қатысқан.
Орталық жыл сайын «компьютерлік сауаттылық негіздері, бағдарламалау курстары», «СММ, копирайтинг», «Social Media Marketing-менеджер», «заманауи қоғам көшбасшысы» сияқты қысқа мерзімді оқыту бағдарламаларын ұйымдастырады, 140-тан астам адам оқудан өтіп, сертификаттар алған.
Жастар саясаты басқармасының бөлім басшысы Аян Ерментаевтың айтуынша, бұл орталық арқылы жастар психологтардан, заңгерлерден тегін көмек ала алады.
Орталық мамандары жұмыс іздеу механизмі, жұмысқа орналастыру бойынша мемлекеттік бағдарламаларға қатысу, қайта оқыту және кәсіптік оқыту мүмкіндіктері туралы кеңес береді.
Осы орталыққа келген ерлі-зайыптылардың бірі – Сұлтан Сағындық пен Айгүл Дөсербекова. Олардың мұнда келгеніне 1 айға жуық уақыт болған.
Сондай ақ, орталық мамандары маргиналды жастар шоғырланған жерлерде жұмыссыз жастар үшін ақпараттық-кеңестік көшпелі іс-шаралар өткізеді. Орталық NEET санатындағы жастарды әлеуметтендіру және ынталандыру мақсатында түрлі КВН байқауларын, турнирлер, футбол жарыстарын ұйымдастырады, техника дүкендеріне сертификаттар түрінде бағалы сыйлықтар табыстайды. Сондай-ақ, онлайн бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өткізіледі, онда мүгедек адамдар мен 29 жасқа дейінгі сотталған жастар үшін бос жұмыс орындары ұсынылады.
Жастарды қолдау орталығында ағылшын, қазақ тілдері, компьютерлік сауаттылық негіздері, тігін, фитнесс, жол жүру ережелері, гитара үйірмесі және тағы басқалары бойынша тегін курстар бар. Орталық Абай даңғылы 92/3 мекен-жайында орналасқан.
-->Айта кетейік NEET санатына оқуын жалғастыруға немесе ақысын төлеуге мүмкіндігі жоқ, арнайы/кәсіптік білімі жоқ жастар; жұмыс іздеумен, оның ішінде арнаулы білім мен жоғары біліктілікті талап етпейтін жұмыс іздеумен айналысатын, сондай-ақ ауыл жастары; өзін-өзі жұмыспен қамтыған жастар және пробациялық бақылаудағы жастар кіреді.
Бұл орталық 2020 жылдан бастап жұмыс істей бастады. Бүгінгі күнде орталықтың қызметін 2500 астам адам алған.
NEET санатындағы жастарды қолдау жобасы «Нұр-Cұлтан қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасы» ММ қолдауымен іске асырылуда.
Жоба аясында жеке және кәсіби қасиеттерді дамыту бойынша оқыту семинар-тренингтері, түйіндеме жасау, әңгімелесуден өту бойынша шеберлік сыныптары тегін өткізіледі. Бүгінгі таңда 1013 адамға семинар-тренингтер мен шеберлік сыныптарына қатысқан.
Орталық жыл сайын «компьютерлік сауаттылық негіздері, бағдарламалау курстары», «СММ, копирайтинг», «Social Media Marketing-менеджер», «заманауи қоғам көшбасшысы» сияқты қысқа мерзімді оқыту бағдарламаларын ұйымдастырады, 140-тан астам адам оқудан өтіп, сертификаттар алған.
Жастар саясаты басқармасының бөлім басшысы Аян Ерментаевтың айтуынша, бұл орталық арқылы жастар психологтардан, заңгерлерден тегін көмек ала алады.
Біздің мамандарымыз жастарға өмірлік қажетті дағдыларды меңгеруге көмектесіп, бағыт-бағдар беріп отырады. Тілдік курстар, гитара, домбыра үйрену үйірмелері ұйымдастырылады. 14-29 жас аралығындағы қала тұрғындары осындай түрлі бағытта тегін кеңестер ала алады. Мұнда тек NEET санатындағы жастарға ғана емес, ата-аналардың қамқорлығынсыз қалған балаларға, әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға психологтар, педагогтар, заңгерлер тегін кеңестер беріледі. Олардың көпшілігі үй кезегіне қалай тұратынын, қандай бағдарламалар арқылы үй алуға болатынын, қалай жұмысқа орналасатынын білмейді. Осы тұрғыдан қайда бару керектігін түсіндіріп айтамыз. Қиын жағдайға тап болған адамға көмек көрсету – әрбір азаматтың міндеті, - деді Ерментаев Аян.
Орталық мамандары жұмыс іздеу механизмі, жұмысқа орналастыру бойынша мемлекеттік бағдарламаларға қатысу, қайта оқыту және кәсіптік оқыту мүмкіндіктері туралы кеңес береді.
«Орталықтың заңгерлері құжаттарды қалпына келтіруге көмектеседі, өйткені осы санаттағы адамдардың арасында жеке құжаттарға немқұрайлы, жауапсыз қарау тенденциясы бар. Мысалы, азық-түлік сатып алу кезінде жеке құжаттарды кепіл ретінде қалдыру, жалға алу ақысын төлеу және құжаттарды кейіннен сатып алу үшін қарызды қайтармау секілді жағдайлар көптеп кездеседі. Орталық психологтары мамандық таңдауда және жұмыс іздеуде бағдарлануға, жеке және кәсіби дағдыларды дамытуға көмектеседі, мақсат қою және жоспарлау дағдыларын дамытуға көмектеседі және көптеген басқа мәселелер бойынша кеңес береді, - дейді орталық заңгері Айжан Еділбаева.
Осы орталыққа келген ерлі-зайыптылардың бірі – Сұлтан Сағындық пен Айгүл Дөсербекова. Олардың мұнда келгеніне 1 айға жуық уақыт болған.
Бізде тұрғылықты жер болмағандықтан, үйге тіркелу қиынға соқты. Аталған мәселе бойынша орталықтың көмегіне жүгініп едік, бірден шешіле кетті. Осындағы мамандарға алғысымыз шексіз. Енді тұрақты тұрғылықты жер бойынша тіркелгеннен кейін, әрі қарай үй алу кезегіне тұру жеңілірек болады деп ойлаймын. Баламыздың денсаулығында кінәрат бар, сол бойынша қайда баруға болатынын да орталық мамандары айтып, бағдар берді. Материалдық жағынан да көмек беріп отыр, – дейді Айгүл Дөсербекова .