Елордалық мұғалімдер дарынды балалармен жұмыс тәжірибесімен алмасты
Іс-шара дарынды оқушыларды анықтау және оларды қолдау үшін мұғалімдердің тәжірибе алмасатын алаңына айналды.
-->Іс-шара дарынды оқушыларды анықтау және оларды қолдау үшін мұғалімдердің тәжірибе алмасатын алаңына айналды.
Өз тәжірибемді әріптестеріммен бөлісу мүмкіндігі болғанына қуаныштымын. Бүгін мен балаларды робототехника олимпиадасына қалай дұрыс дайындау керектігі туралы айттым. Жеті жыл ішінде қалалықтан бастап халықаралық деңгейге дейінгі түрлі турнирлердің 54 жеңімпазын дайындадық, - деді «Robotek.kz» мектебінің директоры Санжар Шалқарбеков.