Ералы Тоғжанов елордадағы мектептерді аралады
Е. Тоғжанов №65 мектепке жапсаржай құрылысының барысымен танысты. Бұл мектептің жобалық қуаты бір ауысымда 1 200 орынды құрайды, бүгінде 3 мыңнан астам оқушы оқиды. Оқушы орындарының санын арттыру мақсатында қосымша құрылыс салынып жатыр, ол қосымша тағы 1,2 мың оқушыға арналған орындар құруға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ премьер-министрдің орынбасары ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларға арналған №1 арнайы мектеп-интернатының жұмысымен танысты.
Ералы Тоғжанов инклюзивті білім берудің негізіне балаларды кез келген кемсітуді болдырмайтын, барлық адамдарға тең қарым-қатынасты қамтамасыз ететін, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін ерекше жағдай жасайтын идеология енгізілгенін атап өтті.
Айта кетейік, Нұр-Сұлтан қаласында инклюзивті оқытуды қажет ететін 14 мыңнан астам бала тұрады. 3 мамандандырылған білім беру ұйымдарының базасында 1 204 бала үшін оқыту ұйымдастырылған. №1 арнайы мектеп-интернатта 520 бала оқиды, 125 орындық интернат бар.
№1 арнайы мектеп-интернаттың қолда бар инфрақұрылымы күндізгі/сағаттық болу шеңберінде қосымша сабақтар өткізу үшін ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балалар контингентін кеңейтуге мүмкіндік береді. Бұл мүмкіндік мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналарға жүктемені азайтуға ықпал етеді.
Сондай-ақ Ералы Тоғжанов елорданың білім беру ұйымдары өз мысалында мүмкіндігі шектеулі адамдарды оқыту мен кәсіби даярлауда кедергісіз ортаның қалай құрылатынын көрсетуде үлгі болуы тиіс екенін атап өтті. Жыл сайын жаңа білім беру объектілері енгізіледі, жобалық құжаттама әзірленген сәттен бастап олар мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту үшін жағдай жасау жөніндегі шаралар кешенін ескеруі тиіс.
Сапар соңында вице-премьер қайта құрудан кейін жақында ашылған Көктал-2 тұрғын алабындағы «Қорғалжын» саябағына барды. Скверде балалар мен ересектердің бос уақытын өткізуге арналған алаңдар, мәдени және қоғамдық іс-шаралар өткізуге арналған аймақ, спорт алаңы бар. Мұнда шахмат пен үстел теннисіне арналған үстелдер орнатылған.
Нысанды аралау барысында Е. Тоғжанов Көктал-2 тұрғын алабының тұрғындарымен кездесу өткізді, оның қорытындысы бойынша қала әкімдігіне және мүдделі мемлекеттік органдарға тиісті тапсырмалар берілді.
-->Е. Тоғжанов №65 мектепке жапсаржай құрылысының барысымен танысты. Бұл мектептің жобалық қуаты бір ауысымда 1 200 орынды құрайды, бүгінде 3 мыңнан астам оқушы оқиды. Оқушы орындарының санын арттыру мақсатында қосымша құрылыс салынып жатыр, ол қосымша тағы 1,2 мың оқушыға арналған орындар құруға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ премьер-министрдің орынбасары ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларға арналған №1 арнайы мектеп-интернатының жұмысымен танысты.
Ералы Тоғжанов инклюзивті білім берудің негізіне балаларды кез келген кемсітуді болдырмайтын, барлық адамдарға тең қарым-қатынасты қамтамасыз ететін, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін ерекше жағдай жасайтын идеология енгізілгенін атап өтті.
Айта кетейік, Нұр-Сұлтан қаласында инклюзивті оқытуды қажет ететін 14 мыңнан астам бала тұрады. 3 мамандандырылған білім беру ұйымдарының базасында 1 204 бала үшін оқыту ұйымдастырылған. №1 арнайы мектеп-интернатта 520 бала оқиды, 125 орындық интернат бар.
№1 арнайы мектеп-интернаттың қолда бар инфрақұрылымы күндізгі/сағаттық болу шеңберінде қосымша сабақтар өткізу үшін ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балалар контингентін кеңейтуге мүмкіндік береді. Бұл мүмкіндік мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналарға жүктемені азайтуға ықпал етеді.
Сондай-ақ Ералы Тоғжанов елорданың білім беру ұйымдары өз мысалында мүмкіндігі шектеулі адамдарды оқыту мен кәсіби даярлауда кедергісіз ортаның қалай құрылатынын көрсетуде үлгі болуы тиіс екенін атап өтті. Жыл сайын жаңа білім беру объектілері енгізіледі, жобалық құжаттама әзірленген сәттен бастап олар мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту үшін жағдай жасау жөніндегі шаралар кешенін ескеруі тиіс.
2021 жылы Мемлекет басшысы инклюзивті білім беру мәселелері бойынша заңнамалық өзгерістерге қол қойды. Дәл осы заңнамалық актіде бастапқы және базалық негіздер қаланған. Жауапты мемлекеттік органдардың міндеті – заңнамалық нормалардың мүлтіксіз орындалуын қамтамасыз ету, — деді Е. Тоғжанов.