Еліміз үшін сапқа тұруға әрдайым әзірмін – зейнеткер полковник
Төтенше жағдай кезінде запастағы сардарлар мен сарбаздарды Аумақтық құрама қатарына жұмылдыру жөніндегі Жарлыққа байланысты Елорда Инфо тілшісі отставкадағы полковник Жүніс Омаровтың пікірін сұрады. «Біз алпыстан асқан Қарулы Күштердің ардагеріміз ғой. Әзірге шақырту болған жоқ. Алайда алдағы уақытта шақырту түсіп жатса, еліміз бен жеріміз үшін әрдайым сапқа тұруға әзір екендігімді айтқым келеді. Мұның бәрі – өткінші жағдай. Ең бастысы, бірлігіміз бен ірілігімізді танытайық», – деді зейнеттегі полковник Жүніс Омаров.
-->Төтенше жағдай кезінде запастағы сардарлар мен сарбаздарды Аумақтық құрама қатарына жұмылдыру жөніндегі Жарлыққа байланысты Елорда Инфо тілшісі отставкадағы полковник Жүніс Омаровтың пікірін сұрады. «Біз алпыстан асқан Қарулы Күштердің ардагеріміз ғой. Әзірге шақырту болған жоқ. Алайда алдағы уақытта шақырту түсіп жатса, еліміз бен жеріміз үшін әрдайым сапқа тұруға әзір екендігімді айтқым келеді. Мұның бәрі – өткінші жағдай. Ең бастысы, бірлігіміз бен ірілігімізді танытайық», – деді зейнеттегі полковник Жүніс Омаров.