Елордалық кәсіпорын медициналық маскаларды дәріханалар желісіне жеткізуді бастады
Ауруханаларға медициналық маскаларды тіккен "ASTANA Ютария ltd" елордалық кәсіпорыны маскаларды дәріханалар желісіне жеткізе бастады, деп хабарлайды Елорда Инфо қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Медициналық маскалар "Цветная" дәріханаларында сатылады. Бұл компания қала ауруханаларына 350 мыңнан астам медициналық маска жеткізді. Сондай-ақ олар стационарларға матрастарды, төсек жабдықтарын, пижамаларды, жастықтарды, көрпелер мен медициналық қызметкерлерге арналған халаттарды және т. б. тікті. 23-29 наурыз аралығында Нұр-Сұлтан қаласына 1 млн 300 мыңнан астам маска әкелінді. Қалалық емханаларға онкологиялық аурулармен ауыратын, жүкті және 65 жастан асқан адамдарға арналған 300 мың маска берілді. Сонымен қатар, республикалық еріктілер фронт-офисы ұйымдастырған "Біргеміз!" акциясы аясында елордалық жастар саясаты мәселелері басқармасымен бірлесе отырып, мүмкіндігі шектеулі балаларға 100 мың маска таратылды. 30 мың маска елорда тұрғындарына тегін берілді. Қала әкімдігі "Фармация" СҚ-мен бірлесіп, жүйелі негізде маскалар мен басқа да медициналық қорғаныс құралдарын жеткізу бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр. Маска сатып алуға болатын мекен-жайлар: Тұран даңғылы, 37; Достық, 18; Сарыарқа даңғылы, 3; Қонаев, 14/2; Ахмет Байтұрсынов, 3; Қабанбай батыр даңғылы, 21; дәріхана № 90, Момышұлы даңғылы, 16 ; Тәуелсіздік даңғылы, 21/4; Шаймерден Қосшығұлұлы, 3/1; Мәңгілік Ел даңғылы, 19; Сарайшық, 5; Қаныш Сәтпаев даңғылы, 23/1; Жансүгіров, 8/1; Мәңгілік Ел даңғылы, 53; Мәңгілік Ел даңғылы, 35; Ұлы Дала даңғылы, 6/1; Бараев даңғылы, 21; Сауран, 3/1; дәріхана №276, Рысқұлбеков 16/3; Кенесары, 47; Иманбаева, 8; Жанайдар Жирентаев, 2; дәріхана №280, Мәлік Ғабдуллин, 16; Сығанақ, 15; Иманова, 50; дәріхана №62 ПТ, Алаш тас жолы, 23/1; Тұран даңғылы, 55д; Тәуелсіздік, 32.
-->Ауруханаларға медициналық маскаларды тіккен "ASTANA Ютария ltd" елордалық кәсіпорыны маскаларды дәріханалар желісіне жеткізе бастады, деп хабарлайды Елорда Инфо қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Медициналық маскалар "Цветная" дәріханаларында сатылады. Бұл компания қала ауруханаларына 350 мыңнан астам медициналық маска жеткізді. Сондай-ақ олар стационарларға матрастарды, төсек жабдықтарын, пижамаларды, жастықтарды, көрпелер мен медициналық қызметкерлерге арналған халаттарды және т. б. тікті. 23-29 наурыз аралығында Нұр-Сұлтан қаласына 1 млн 300 мыңнан астам маска әкелінді. Қалалық емханаларға онкологиялық аурулармен ауыратын, жүкті және 65 жастан асқан адамдарға арналған 300 мың маска берілді. Сонымен қатар, республикалық еріктілер фронт-офисы ұйымдастырған "Біргеміз!" акциясы аясында елордалық жастар саясаты мәселелері басқармасымен бірлесе отырып, мүмкіндігі шектеулі балаларға 100 мың маска таратылды. 30 мың маска елорда тұрғындарына тегін берілді. Қала әкімдігі "Фармация" СҚ-мен бірлесіп, жүйелі негізде маскалар мен басқа да медициналық қорғаныс құралдарын жеткізу бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр. Маска сатып алуға болатын мекен-жайлар: Тұран даңғылы, 37; Достық, 18; Сарыарқа даңғылы, 3; Қонаев, 14/2; Ахмет Байтұрсынов, 3; Қабанбай батыр даңғылы, 21; дәріхана № 90, Момышұлы даңғылы, 16 ; Тәуелсіздік даңғылы, 21/4; Шаймерден Қосшығұлұлы, 3/1; Мәңгілік Ел даңғылы, 19; Сарайшық, 5; Қаныш Сәтпаев даңғылы, 23/1; Жансүгіров, 8/1; Мәңгілік Ел даңғылы, 53; Мәңгілік Ел даңғылы, 35; Ұлы Дала даңғылы, 6/1; Бараев даңғылы, 21; Сауран, 3/1; дәріхана №276, Рысқұлбеков 16/3; Кенесары, 47; Иманбаева, 8; Жанайдар Жирентаев, 2; дәріхана №280, Мәлік Ғабдуллин, 16; Сығанақ, 15; Иманова, 50; дәріхана №62 ПТ, Алаш тас жолы, 23/1; Тұран даңғылы, 55д; Тәуелсіздік, 32.