Елорда жаңалықтары

Елордада тұрғын үйлердің орнына әлеуметтік нысандар салынады

Мысалы, «Sport City» ТК тұрғындары әкімдікке жақын маңдағы аумақта ТК құрылысын тоқтату мәселелері бойынша жүгінді. Осылайша, «Sport City» және «Әсем тас-2» тұрғын үй кешендерінің арасындағы жер телімінде биыл ТК орнына сквердің құрылысы басталады. Сол ауданда 2400 орындық мектеп (2 ауысымда) салынуда. Қаланың бас жоспарында медициналық орталықты орналастыруға арналған учаске бар («Хайвил Парк-1» артында орналасқан).

«Зам-Зам» ТК тұрғындарының өтініштері бойынша тұрғын үй кешенінің жанында биыл пайдалануға беру жоспарланып отырған 4 мың оқушы орнына (2 ауысымда) арналған мектеп салынып жатыр. Сондай-ақ А.Бектұров (бұрынғы атауы №49), Төле би (бұрынғы атауы №51), №69 көшелерін, мектепке кіреберіс жолдарын салу жұмыстары жүргізілуде. Келесі жылы осы ауданда сквердің құрылысына кірісу жоспарлануда.

Күмісбеков көшесі, 9 мекен жайы бойынша 21 қабатты тұрғын үй кешені мен паркингтің орнына қоғамдық кеңістік пен сквер салынады.

Демалу және серуендеу үшін қоғамдық кеңістік (сквер) құру бойынша ұқсас жоспар Мәңгілік Ел даңғылының жанындағы Есіл ауданындағы №9 емхана мен №77 мектеп-гимназия арасындағы учаскеде жүзеге асырылады.

М.Горький-Косыгин-Челюскинцев-Ишимская көшелерінің квадратында ТК орнына сквер салынады.

Елорданың желілік паркінде ТК құрылысы тоқтатылды, саябақты абаттандыру жұмыстары жалғасуда.

Қабанбай батыр даңғылындағы Керей-Жәнібек хандар және Орынбор көшелерінің арасындағы жер телімінде, қала тұрғындарымен өткен кездесулерде айтылғандай, Медициналық орталық салынады.

Бұл жобалар бойынша егжей-тегжейлі жоспарлау жобасына өзгерістер енгізілді.

-->

«Хайвил» ТК тұрғындарының өтінішіне қатысты - Байтұрсынов көшесі, 7 (Хайвил ТК) жер учаскесінде, бұрын айтылғандай, ТК орнына мектеп салынатын болады. Бұдан басқа, Қошқарбаев даңғылы мен Ақыртас көшесі маңында «Хайвил» ТК қарама-қарсы оқушы орындарының тапшылығын азайту мақсатында тағы бір жалпы білім беретін мектеп салынады, – делінген хабарламада.