Жыл басынан бері елордада 456 өрт тіркелген
Оның айтуынша, өрт қауіпсіздігін тексеру үш кезең бойынша жүзеге асырылады. Алдымен әлеуметтік осал топқа жататын азаматтардың баспаналары тексеріледі. Елордада осындай санаттағы 1 240 отбасы бар. Келесі кезекте қала аумағында тіркелген 10 мыңға жуық саяжайларға қауіпсіздік шаралары түсіндіріледі. Одан кейін ғана қалада орналасқан барлық тұрғын үйлерді аралап, оқыс оқиғалардың алдын алуға бағытталған үгіт-насихат жұмыстары жүргізіледі.
-->Жыл басынан бері қала аумағында 456 өрт фактісі тіркелді. Оның ішінде 150-і жеке тұрғын үй секторында. Өрттерден 10 адам құтқарылып, 26-сы қауіпсіз аумаққа көшірілді. Статистикаға сәйкес, өрттердің айтарлықтай бөлігі жеке сектоларда болады. Сондықтан қалалық құзырлы орган жылыту маусымы басталар алдында өрт қауіпсіздігі айлығын өткізеді. Биыл бұл шаралар 15 тамызда басталды, – деді Еркін Отарғалымұлы.