Елордалық мәслихат депутаттары аутизм орталықтарын аралады
Жұмыс сапары «Асыл Мирас» аутизм орталығының жұмысымен танысудан басталды. «Аутизм. Баршамызға бір әлем» бағдарламасын 2015 жылдан бері Болат Өтемұратов Қоры жүзеге асырып келеді. Осы уақыт ішінде елімізде 10 орталық ашылды. Елордадағы аутизм орталығының жетекшісі Қарлығаш Жағипарова әр бала жеке таңдалған бағдарлама бойынша үш айлық оқу циклінен өтетінін айтты.
Қала тұрғыны Сания Жанжігітова баласының орталық өткізетін сабақтарға қатысып, денсаулығы жақсарғанын айтты.
Келесі нысан «Орда» аутизмі бар балалардың ата-аналарының қоғамдық бірлестігі болды. Орталық мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде аутистік спектрі бұзылған 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларға үйде түзету, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетеді. Орталықта дефектолог, психолог, ава-терапия, арт-терапия мамандары жұмыс істейді, сондай-ақ бейімделген дене шынықтыру сабақтары жүргізіледі, жүзу секциясы, сенсорлық-қозғалыс залы, информатика кабинеті бар.
Мәслихат депутаттарының жұмыс сапары «Балам-ай» мүмкіндігі шектеулі балаларды дамыту орталығында жалғасты. Орталық 2010 жылдың сәуір айынан бастап мүмкіндігі шектеулі балаларға тегін қызмет көрсетіп келеді. Бүгінде 51 балаға психолог, дефектолог, дәрігер мен әлеуметтік қызметкерлер көмексетеді. Ерекше қажеттілікті талап ететін балалар орталықта тамақтанып, тіпті тыңығып ұйықтай да алады.
Қалалық мәслихат депутаттары үш әлеуметтік нысанның жұмысымен танысып қана қоймай, олардың өзекті мәселелерін де талқылады. Жұмыс сапары оңалту орталықтарында жұмыс сапасын бағалаудың электрондық рейтингін енгізуде негізделді.
Айта кетейік, аутизм орталықтарының жұмысымен қалалық мәслихат депутаттары Алтыншаш Табулдина, Ерлан Дакенов, Динара Байсеркина, Сегізбай Алмагүл, Айтжан Әбдіров, Ляззат Төлеуханова, Талгат Қожахметов, Гульжамал Джапарова, Азамат Өмірзақов, білім және әлеуметтік қорғау басқармаларының өкілдері қатысты.
-->

Аутизм орталығы АСБ анықтауға және әлеуметтік, сөйлеу және тұрмыстық дағдылардағы кемшіліктерді жоюға бағытталған алты бағдарлама бойынша жұмыс істейді. Біздің орталықта 15 педагог маман бар. Олар балалармен жеке айналысады. Қазіргі таңда орталыққа 1040 бала тіркелген. Оның ішінде 400 аса бала арнайы оқу курсынан өтті. Балаларды қоғаммен байланысуға үйрететін орталықта сабақ аптасына 3 рет өтеді, - дейді Қарлығаш Жағипарова.
Қала тұрғыны Сания Жанжігітова баласының орталық өткізетін сабақтарға қатысып, денсаулығы жақсарғанын айтты.
Менің баламның жасы 3-те. Бастапқыда осы орталыққа келу үшін бір жыл кезек күттік. 3 айлық курстан кейін балам дәрігерлер қойған диагноздан сауықты деп айтуға болады. Тек сөйлеу жағынан сәл кідіріс бар. Қазір екінші курсты оқып жатырмыз. Балам қыркүйек айында жалпы мемлекеттік балабақшаға барады. Бұл көрсеткіш орталық мамандарының біліктілігінің арқасында деп ойлаймын,-дейді қала тұрғыны.
Келесі нысан «Орда» аутизмі бар балалардың ата-аналарының қоғамдық бірлестігі болды. Орталық мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде аутистік спектрі бұзылған 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларға үйде түзету, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетеді. Орталықта дефектолог, психолог, ава-терапия, арт-терапия мамандары жұмыс істейді, сондай-ақ бейімделген дене шынықтыру сабақтары жүргізіледі, жүзу секциясы, сенсорлық-қозғалыс залы, информатика кабинеті бар.
Біздің орталыққа шамамен 300 аса бала келеді. Біз аутизмге шалдыққан мүгедек балалармен жұмыс істейміз. Егер орталыққа келу мүмкіндігі болмаса, біздің мамандар балалардың үйлеріне барады. Өкінішке орай, аутизмге шалдыққан балалардың саны күн сайын артуда. Олармен педагог мамандар жеке-жеке жұмыс істейді. Осы орайда орталық мамнадарының шетелдік тәжірибені біліп, басқа да бағдарламаларды оқыса дейміз. Бірақ мамандарды дайындау үшін қаржы керек,-дейді қоғамдық бірлестік төрайымы Есмағанбетова Салтанат.
Мәслихат депутаттарының жұмыс сапары «Балам-ай» мүмкіндігі шектеулі балаларды дамыту орталығында жалғасты. Орталық 2010 жылдың сәуір айынан бастап мүмкіндігі шектеулі балаларға тегін қызмет көрсетіп келеді. Бүгінде 51 балаға психолог, дефектолог, дәрігер мен әлеуметтік қызметкерлер көмексетеді. Ерекше қажеттілікті талап ететін балалар орталықта тамақтанып, тіпті тыңығып ұйықтай да алады.
Қалалық мәслихат депутаттары үш әлеуметтік нысанның жұмысымен танысып қана қоймай, олардың өзекті мәселелерін де талқылады. Жұмыс сапары оңалту орталықтарында жұмыс сапасын бағалаудың электрондық рейтингін енгізуде негізделді.
Елордадағы аутизм орталықтары мүмкіндігінше балалар мен ата-аналарға көмектесіп жатыр. Бірақ оларда орталықтың техникалық әлеуетін жақсарту үшін және мамандардың біліктілігін арттыру жолында біраз күрделі мәселелер бар. Аутизмге шалдыққан балалардың саны артып келеді. Сондықтан да мамандар тапшылығы байқалады. Жұмыс сапары кезінде мамандар дайындайтын оқу орны немесе факультет ашу қажет деген ұсыныс түсті. Бүгінгі іс-сапарда көтерілген мәселелер мәслихаттың кезекті жиынында талқыланатын болады,- дейді мәслихат депутаты Алтыншаш Табулдина.