Елорда жаңалықтары

Елордада қайыр сұрап жүрген 40 шетелдік елден шығарылды

Жедел алдын алу іс-шарасы басталғаннан бері көші-қон туралы заңнаманың түрлі бұзушылықтары үшін 288 шетелдік азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

-->

"Учаске" жедел алдын алу іс-шарасын өткізу барысында Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешімімен елорда көшелерінде қайыршылықпен айналысатын 40 шетелдік азамат елден шығарылды. Оның ішінде 30 шетелдік азаматты Нұр-Сұлтан қаласының полициясы Өзбекстанмен шектесетін мемлекеттік шекараға дейін мәжбүрлеп шығаруды ұйымдастырды, 10 шетелдік азамат елден өз бетінше кеткен, – делінген Полиция департаментінің хабарламасында.

Жедел алдын алу іс-шарасы басталғаннан бері көші-қон туралы заңнаманың түрлі бұзушылықтары үшін 288 шетелдік азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылған.