Елорда жаңалықтары

Биыл МИБ-қа елорда тұрғындарынан 7 мыңнан астам өтініш, сауал келіп түскен

Сондай-ақ орталық басшысы елордада МИБ жүйесіне өту бойынша кедергілердің де барын жасырмады.

-->

Жыл басынан бері қалалық Мүлік иелері бірлестігі орталығына 7 мыңнан астам түрлі өтініш, сауал келіп түсті. Сонымен қатар осы уақытқа дейін тұрғындардан мүлік иелері бірлестігінің (МИБ) қызметіне қатысты 1700 ұсыныс қабылданды. Елордада Мүлік иелері бірлестігінің орталығы Республика даңғылы 32 мекенжайында орналасқан. Күн сайын орталыққа МИБ-ке қатысты бастамашыл тұрғындардан 7-10 ұсыныс келіп түседі, - деді Гүлвира Әбетова қала әкімдігінде өткен баспасөз мәслихатында.

Сондай-ақ орталық басшысы елордада МИБ жүйесіне өту бойынша кедергілердің де барын жасырмады.

Орталыққа келіп жатқан өтініштердің арасында шағым да бар. Айтар болсақ, тұрғын үйлерді басқарған бұған дейінгі органдар қаржыға қатысты құжаттарды МИБ-ке бергісі келмейді, үй құжаттарын беруде кедергі жасайды. Сонымен қатар алдыңғы басқару органдары заңсыз сауалнама жүргізетініне, қаражат жинайтынына қатысты шағымдар бар. Еске сала кетсек, 2020 жылдан бастап басқару органы – үй кеңесі болып саналады, яғни кез келген құжаттар үй кеңесі арқылы расталуы керек, - дейді орталық басшысы.