Елорда жаңалықтары

№60 автобус «Нұрлы жол» теміржол вокзалына дейін қатынайды

Бағдардың сызбасымен суреттен қарап таныс бола аласыздар.

-->

Тұрғындардың көптеген сұрауы бойынша және көліктік қызметті жақсарту мақсатында 19 тамыздан бастап № 60 бағдар Ұлы дала даңғылындағы жаңа көпір арқылы «Нұрлы жол» теміржол вокзалына дейін қатынайтын болады. Осылайша, сол және оң жағалау арасындағы көлік байланысын жақсартады. Бағдар қозғалысы келесідей: «Талисман» ТК аялдамасына дейін өзгеріссіз, Ұлы дала даңғылымен тура, ары қарай Есіл өзені арқылы өтетін көпір, Ж. Нәжімеденов көшесінен оңға, ары қарай «Нұрлы жол» теміржол вокзалына дейін, - делінген CTS хабарламасында..

Бағдардың сызбасымен суреттен қарап таныс бола аласыздар.