Елорда жаңалықтары

Елордаға 100 электроавтобус жеткізіледі

Осы орайда ол қоғамдық көлік саласын дамыту үшін тиісті субсидияны жыл сайын беру керек екенін жеткізді.

-->

Екі жыл бұрын 100 электроавтобус сатып алған едік. Қазір оның несиесін жауып отырмыз. Енді бізге қосымша 400 қоғамдық көлік керек. Тұрғындармен кездесу кезінде автобустар мәселесі жиі көтеріліп келеді. Сондықтан біз үш инвесторды шақырдық. Оның біреуі келісіп, жыл соңына дейін 100 электроавтобусты өз қаражатына алып келеді. Ол өз қаражатына автобус паркін де салды, - деді А. Көлгінов елорда мәслихатының кезектен тыс сессиясында.

Осы орайда ол қоғамдық көлік саласын дамыту үшін тиісті субсидияны жыл сайын беру керек екенін жеткізді.

Бұл тұрғыда мемлекеттік бюджетті үнемдейміз, яғни автобус сатып алмаймыз. Қоғамдық көлікті инвесторлар өз қаражатына алуы керек, ал біз субсидия бөлеміз, – деді әкім.